Зертханалық жұмыс №



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі112,5 Kb.
#94587
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лаб.раб.7.

Зертханалық жұмыс №7.8.
Тақырыбы: Енгізілген мәліметтерді тексеру режімін баптау



  1. Excel программасын іске қосып, ертеде құрылған Кітап.xls жұмыс кібын ашыңыз.

  2. Жеткізуші туралы мәлеметтер жұмыс парағын ашыңыз.

  3. Бізде жиһаздар мен жеткізушілердің нақты тізімі бар деп алайық, сондықтан да бұл шамаларды қолмен енгізудің қажеті жоқ. Сондай-ақ кез-келген жиһаздың бір жолғы жеткізілу саны 150-ден аспауы керек деп санайық.

  4. Келесі тәжірибелерді жүргізу үшін мәліметтер базасына қандай да бір бұрмалаулар енгізіңіз: бір-екі жазбаларды жеткізудің атын қате беріңіз, бір-екі жазбаларда жиһаз атауын қате қолданыңыз, бір-екі жазбаларда жеткізу санын артығымен көрсетіңіз (150-ден артық).

  5. Мәліметтер базасынан тыс жерде, мысалы F бағанында F2-F6 ұяшықтарына жеткізушілердің аттарын бір-бірден енгізіңіз.

  6. Сондай әдіспен G2-G6 ұяшықтарына жиһаздардың дұрыс атауларын көрсетіңіз.

  7. Мәліметтер базасының B бағанындағы барлық ұяшықтарды ерекшелеңіз. Баған тақырыбын қоспай Мәліметтер→Тексеру (Данные→Проверка) командасын беріңіз.

  8. Ашылған Мәліметтер типі тізімінен Тізім (Список) нұсқасын таңдаңыз. Түптек (Источник) өрісіне көшіп, F2:F6 ауқымын енгізіңіз. Егер ауқым таңдалынса, онда сілтеме шұғыл түрде абсолют сілтеме түрінде алынады. Бұдан соң ОК батырмасын шертіңіз.

  9. Сондай әдіспен Жиһаз өрісіне енгізуге мүмкін мәндерді таңдаңыз. Түптек (Источник) өрісінде G2:G6 ауқымдарын міндетті түрде көрсетіңіз.

  10. D бағанындағы барлық ұяшықтарды таңдаңыз. Мәліметтер→Тексеру (Данные→Проверка) командасын орындаңыз. Мәліметтер типі (Тип данных) өрісінде Нақты (Действительное) нұсқасын таңдаңыз. Минимум және Максимум өрістеріне, сәйкесінше 10 және 200 мәндерін енгізіңіз. ОК батырмасын шертіңіз.

  11. В бағанындағы кез –келген ұяшықты ағымдық етіңіз. Енді тізімде жоқ қате мәнмәндерді енгізу мүмкін емес екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Тізімнен мүмкін болатын мәндерді таңдау үшін ашылған жебелік батырманы шертіңіз.

  12. Осындай әдіспен D бағанындағы ұяшыққа мәтін немесе берілген интервалда жатпайтын мәнді енгізіп көріңіз. Бұл жасау мүмкін емес екенін байқайсыз.

  13. Мәліметтер базаға тексеру қосылмай тұрып енгізілгендіктен, оларда қатие болуы мүмкін. Сервис→Тәуелділік→Тәуелділік панелі (Сервис→Зависимость→Панель зависимости) командасын беріңіз.

  14. Қате мәліметтерді қоршау (Обвести неверные данные) батырмасын шертіңіз. Қатесі бар ұяшық (4-ші бөлімде құрылған) қызыл түспен қоршалғанын байқаңыз.

  15. Қателерді түзетіп, тағы бір рет Қате мәліметтерді қоршау (Обвести неверные данные) батырмасын шертіңіз. Белгілердің жойылғанына көзіңіз жетсін.

  16. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет