Excel программасын іске қосыңыз және бұрын даярланған Кітап.xls жұмыс кітабын ашыңыз.
Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка→Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және оны Әр айдағы қосымша шығын деп атаңыз.
А1 ұяшығын ағымдық етіп, оған келесі мәтінді енгізіңіз: Айлар.
А2 ұяшығын ағымдық етіп, оған келесі мәтінді енгізіңіз: Қаңтар 2003. Enter пернесін басыңыз. Мәтіннің автоматты түрде дата болып танылғандығына көз жеткізіңіз. Жоғары (Вверх) пернесін басыңыз. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша, Пішім→Ұяшықтар(Формат→Ячейки) командасын орындаңыз және дата жазбаларының басқа пішімін көрсетіңіз.
Тышқан нұсқағышын ағымдағы ұяшықтың қоршауының оң жақ төменгі бұрышында орналасқан толтыру маркеріне орналастырыңыз. Тышқанның оң батырмасын басып, А2-ден А25-ке дейін төмен түсіріңіз.
Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Ашылған менюден Айлар бойынша толтыру бөлімін таңдаңыз. Ай атауларын толтырыңз. А бағанында барлық айлармен қоса, 2004 жылдың желтоқсаны кіргеніне көз жеткізіңіз.
Берілген мысалда алғашқы айдың шығыны 200 теңге деп алып, ал әрбір кейінгі айда шығын 10% өсті деп есептеңіз. В2-ні ағымдық ұяшық етіңіз. Оған 200 санын енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.
В2 ұяшығына тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден ұяшықты пішімдеу бөлімін таңдап аламыз. Сан (Число) қыстырмасынан Қаржылық (Денежный) нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басыңыз. Осы сан қаржылық сома ретінде жазылғандығына көз жеткізіңіз.
Тышқанның оң батырмасымен толтыру маркеріне шертіп, қоршауды В2 ұяшығынан бастап, В25-ге дейін қамтитындай етіп созыңыз. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Ашылған менюден Прогрессия бөлімін таңдап алыңыз.
Тип панеліндегі ауыстырып-қосқышты Геометриялыққа қойыңыз. Қадам (Шаг) өрісіне 1,1 мәнін енгізіңіз. Ок батырмасын басыңыз.
С1 ұяшығына Өсу қорытындысы мәтінін енгізіңіз.
С2 ұяшығын ағымдық етіңіз, оған =B2 мәтінін енгізіңіз. Бұл формула С2 ұяшығының мәні В2 ұяшығының мәніне тең екенін білдіреді. Егер В2 ұяшығындағы мән өзгерсе, С2 ұяшығында да өзгереді.
С3 ұяшығына шертіңіз. Формула жолындағы Формуланы өзгерту (Изменение формулы) белгісін шертіңіз В3 ұяшығына шертіңіз. Бұл ұяшыққа сілтеме формулалар жолында орналасқандығына көз жеткізіңіз. «+» пернесін басыңыз. С2 ұяшығына шертіңіз. Enter пернесін басыңыз.
С3 ұяшығын тағы да ағымдық етіңіз. Тышқан нұсқағышын толтыру маркеріне апарыңыз, тышқанның сол жақ батырмасын басып қоршауды С2-С25 ұяшықтарын қамтитіндай етіп созыңыз.
С бағанындағы кез-келген бір ұяшыққа шертіңіз, ол жерде қандай формула жазылғанын көріңіз. Бұл формулалардың барлығы салыстырмалы адрестеу принципі бойынша түзетілгеніне көз жеткізіңіз.