Зертханалық жұмыс №7.4. Тақырыбы: Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолдану. Excel программасының құралдарымен х3+6х2-15х+8=0 теңдеуінің шешімдерін есептеу Excel программасын іске қосыңыз және бұрын даярланған Кітап.xls жұмыс кітабын ашыңыз.
Таңбашасына шерту арқылы қолданылмаған жұмыс парағын таңдап алыңыз немесе жаңасын құрыңыз (Вставка→Лист). Жаңа парақтың таңбашасына екі рет шертіңіз және оны Сілтемелер деп атаңыз.
А1:А10, В1:В10 ұяшық ауқымдарына әр түрлі сандар енгізіңіз.
В1:В10 ауқым ұяшықтарын ерекшелеп, стандарттық панельдегі Кемуі бойынша сұрыптау (Сортировка по возрастанию) батырмасын қолдана отырып, оның мәндерін іріктеңіз.
С1 ұяшығына =А1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
С1 ұяшығын ерекшелеп алып, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы С10 ұяшығын әкеліңіз.
D1 ұяшығына =А$1+В1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
D1 ұяшығына ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы басыңыз. D10 ұяшығына әкеліңіз.
Е1 ұяшығына =$A$1+B1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
Е1 ұяшығына ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы Е10 ұяшығына әкеліңіз.
F1 ұяшығына =$A$1+B1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
F1ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы F10 ұяшығына әкеліңіз.
G1 ұяшығына =$A$1+$B$1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
G1 ұяшығын ағымдық етіп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы G5 ұяшығына әкеліңіз.
Н1 ұяшығына =A1+B$1 формуласын енгізіңіз. Enter батырмасын басыңыз.
Н1 ұяшығын ерекшелеп, оң жақ төменгі бұрыштағы қара маркерді созу арқылы Н5 ұяшығына әкеліңіз.
Абсолютті, салыстырмалы және аралас сілтемелерді қолданудың көмегімен С, D, E, F, H бағандарының мәндері дұрыс есептелінетіндігін байқаңыз. Алынған нәтижелердің айырмашылығы неде?
А11 ұяшығына келесі сөзді енгізіңіз «қосынды=»
Автоқосындының нәтижесін алу үшін В11 ұяшығына шертіңіз. Бұл үшін стандарттық панеліндегі Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз. Содан соң А1:В10 ауқымдарын тышқанмен ерекшелеп, Enter-ді басыңыз.
Microsoft Excel жұмыс кітабының 2-ші бетіне ауысып, оған «Теңдеу» атауын беріңіз.
А1 ұяшығына 0 мәнін қойыңыз.
А1 ұяшығына сілтемені тәуелсіз анымалы ретінде қолданып, В1 ұяшығына х3+6х2-15х=-8 теңдеуінің сол жақ бөлігін қойыңыз. Сәйкес формула мынадай түрде болады =A1^3+6*A1^2-15*A1
Ұяшыққа тағайындау (Установить в ячейке) өрісіне В1-ді енгізіңіз, Мән (Значение) өрісіне -8 мәнін қойыңыз. Ұяшық мәнін өзгерте отырып (изменяя значение ячейки) өрісіне А1-ді енгізіңіз.
ОК батырмасын шертіп, Параметрді іріктеу нәтижесі (Результат подбора параметра) сұхбат терезесінде бейнеленген таңдау нәтижесіне қараңыз. Операцияға қатысқан, алынған ұяшық мәндерін сақтау үшін, ОК батырмасын шертіңіз.
А1 ұяшығына басқа мәндерді қою арқылы есептеуді қайталаңыз. Есептеудің нәтижелері тура келді ме? Айырмашылықтарын түсіндіріңіз?