Бақылау сұрақтары
Каталог және ішкі каталог дегендеріміз не?
Жаңа каталог, ішкі каталог қайтіп құрылады?
Каталогтің мазмұнын көру командасы?
Бір каталогтан екінші каталогқа көшу командасы?
Каталогті жою командасы?
Жаңа уақыт енгізу командасы?
Күн, ай, жыл мерзімін көрсету, жөндеу командасы?
Зертханалық жұмыс №4.
Тақырып: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері.
Жұмыстың мақсаты: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілерімен танысу және олармен жұмыс жасап үйрену.
Операциялық жүйе дегеніміз компьютер мен оны тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын, компьютерге жалғанған барлық құрылғылардың және компьютерде орындалып жатқан программалардың жұмысын басқаратын программа.
Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері: бума, файл, терезе, шартбелгі, жарлық, Сілтеуіш программасы т.б.
Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Оның сол жақ батырмасы – негізгі, оң жақ батырмасы – қосымша, ал ортаңғысы – программалау батырмасы болып саналады.
Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шерткенде Бас меню (Главное меню) ашылады.
Жанама немесе динамикалық (контексті) менюді шақыру үшін – тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз.
1-сурет. Жұмысүстелітерезесі.
Меніңкомпьютерімшартбелгісініңкөмегіменкомпьютертуралытолықмағлұматалуғаболады.
Қоржындаөшірілгенфайлдаруақытшасақталады.
Желілікорташартбелгісіжеліменбайланысқанкомпьютерлергеқатынасжасаумүмкіндігінбереді.
Әрбір программаның, объектінің шартбелгісі (значок, пиктограмма) болады. Шартбелгідегі суретіне қарап оларды ажыратамыз. Әр шарт белгінің өзіндік атқаратын қызметі болады.
Жиі қолданылатын программаны, файлды немесе буманы қысқа жолмен, жылдам іске қосу үшін құрылатын сілтемені – жарлық деп атаймыз.
Жұмыс үстелінің төменгі жағындағы көлденең жолақ – Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп аталады. Оның сол жақ шетінде программаларды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтама алуға мүмкіндік беретін «Іске қосу» (Пуск) батырмасы, ал оң жақ шетінде уақыт маркері, пернетақтаның индикаторы, вирусқа қарсы программаның шартбелгісі т.б. орналасқан.
Экрандағы кез келген элементтердi белгiлеп алу үшiн:
Достарыңызбен бөлісу: |