Өзіндік жұмыс тапсырмалары
1. Жұмыс үстелінде Менің жеке құжаттарым деген атпен бума құрыңыз.
2. Менің жеке құжаттарым бумасын ашыңыз.
3. Менің жеке құжаттарым бумасының терезесін экранның сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңыз.
4. Менің жеке құжаттарым бума терезесін бір мезгілде көлденеңінен және тігінен созыңыз.
5.Терезені экран бетін толық алып тұратындай етіп ашыңыз.
6. Ағымдық бумада Тәжірибелік және Менің тәжірибелерім деген атпен екі бума құрыңыз.
7. Тәжірибелік бумасында Microsoft Word программасының Алгоритм деген атпен құжат құрыңыз. Ол құжатқа бума, құжат және жарлықтарды құру алгоритмін жазыңыз.
8. Менің тәжірибелерім бумасында Нүктелік сурет (Точечный рисунок) құжатын құрып, Сызба деген атпен сақтаңыз. Онда компьютердің құрылымын сызба түрінде бейнелеңіз.
9. Тәжірибелік бумасында WordPad (мәтіндік редактор) стандартты қосымшасының WordPad.exe объектісіне жарлық құрыңыз.
10. Менің тәжірибелерім бумасында Paint (графикалық редакторы) стандартты қосымшасының paint.exe объектісіне жарлық құрыңыз.
11. Менің жеке құжаттарым бумасының терезесін қалыпты өлшемге дейін қалпына келтіріңіз.
12. Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде құрылған бумалар мен құжаттарды қалпына келтіру мүмкіндігі болмайтындай етіп жойыңыз.
Зертханалық жұмыс №5.
Тақырыбы: MS-DOS –та каталогтармен файлдармен жұмыс.
Тапсырма 1. Windows ортасында MS-DOS ортасына кіру.
Жұмыс үстелінің сол жағындағы Пуск батырмасын шертеміз.
Оның ішінен Программы сілтемесін таңдаймыз (Қосымша мəзір шығады).
Одан Стандартные сілтемесін таңдаймыз (Қосымша мəзір шығады).
Бұдан Командная страка мəзірін таңдау.
Сонда экранда MS-DOS терезесі ашылады.
Тапсырма 2. С:\>_ дискіге суреттегідей директория (каталогтар) құру керек.
2.1. Windows каталогынан шығу команд жолына cd.. командасын тереміз.
Достарыңызбен бөлісу: |