Құжатты баспаға шығару
Ағымдағы құжатты баспаға шығару үшiн:
1. Қажеттi құжат экранға шығарылады (ашылады);
2. Файл - Баспаға шығару командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын басамыз, сонда “Баспаға шығару” сұхбат терезесi ашылады.
3. Егер ешқандай параметрлер өзгертiлмейтiндей болса, ОК батырмасын шертемiз.
Баспаға шығару барысында Windows жүйесiнiң Тапсырмалар тақтасындағы принтердiң шартбелгiсi көрсетiлiп тұрады. Баспаға шығаруды болдыртпау үшiн, тышқанды принтер шартбелгiсiне жеткiзiп, оны екi рет шерту керек. Соның нәтижесiнде, экранға шыққан сұхбат терезесi арқылы Құжат-Баспаға шығаруды болдырмау (Документ-Отменить печать) командасы арқылы баспаға шығаруды болдырмауға мүмкiндiк бередi. Баспаға шығару терезесiн жабу үшiн Принтер-Жабу (Принтер-Закрыть) командасын орындаймыз.
12.2-сурет. “Баспаға шығару” сұхбат терезесi.
Баспаға құжаттың бiрнеше көшiрмесiн шығару үшін Файл - Баспаға шығару командасын орындап, “Көшiрмелер” (Копии) бөлiмiндегi Көшiрмелердiң саны (число копии) өрiсiне құжаттың қажеттi көшiрмелер санын тiкелей енгiземiз.
Зертханалық жұмыс №8.
Тақырып: MS Excel-электрондық кестесі. Ұяшықтармен жұмыс. Формуланы пайдалану.
Мақсаты: Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысу, кестеге мәліметтер енгізу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу, редакциялау және пішімдеу (форматтау), матрицаларды өңдеуде EXCEL функцияларын пайдалану, матрицаларға арифметикалық амалдар қолдануды автоматтандыру, формулалармен және жиындармен (массивтермен), Excel-де қолданылатын функциялармен, сандардың форматтарымен, кестедегі ақпараттарды өзгертуден қорғау әрекеттерін орындау, кестені баспаға шығару әрекеттерін үйрену.
-
Excel кестелік программасын іске қосыңыз:
1. Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (ПУСК) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарынан таңдап, Microsoft Office Microsoft Excel амалын орындау.
2. Тышқанның оң жағын бер рет шерткендегі Жанама менюден Құру (Создать) кестелік процессорMicrosoftExcel таңдап, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертеміз. Іске қосылғаннан кейін төмендегі терезені көреміз:
|
1.1-сурет. Excel программасының терезесі.
Электрондықкестеніңжұмысаймағыжолдарменбағандардантұрады. Жолдардыңсаны – 65536, албағандарсаны – 256. Бағанменжолдыңқиылысқанжеріндеорналасқанторұяшықдепаталады.
Жолнөмірі – көлденеңорналасқанқатарлардыңсолжақшетіндежазылғаннөміріменбелгіленеді.
Ұяшық көрсеткіші – жұмыс істеуге дайын ағымдық ұяшықты көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты таңба.
Достарыңызбен бөлісу: |