Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған Мамандықтар: 0705000 -«Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу»



бет15/18
Дата31.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#166984
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
zerthanalyқ-zhұmystardy-oryndauғa-arnalғan-nұsқaulyқ

Бақылау сұрақтары:

  1. Линза дегеніміз не, түрлері?

  2. Линзаның бас оптикалық осі, оптикалық центрі, бас фокусы дегеніміз не?

  3. Линза арқылы нақты кескін алу үшін қандай шарт орындалу тиіс?

  4. Тәжірибе барысында шырақтың қандай кескіні алынды?

  5. Тәжірибе жүзінде өлшенген және есептеулер арқылы алынған мәндер сәйкес келе ме?



20 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Спектроскоптың көмегімен түрлі заттардың шығару спектрлерін бақылау»
Мақсаты: Спектроскоптың көмегімен түрлі заттардың шығару спектрлерін бақылау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру


Құрал жабдықтар: спектроскоп, электр шам, реостат, кілт, ток көзі, мыс купоросы мен калий перманганатының ерітінділері. Түрлі-түсті шынылар.


Жұмыс барысы:

  1. Қыздырылған металл спектрін бақылау:

а) Демонстрациялық стөл үстіне электр шамын орналастырып, ток көзіне реостат және кілт арқылы жалғап, тізбекті қосу.
ә) Спектроскоп окулярын көзге таяу. Спектроскоп саңылауын электр шамының қызған қылына бағыттау.
б) Шамның ең күшті жарықтануындағы спектрін бақылау, спектрдің барлық түстерін табу.
в) Кілтті ажыратып, түстердің орналасу тәртібін өзгертпей спектрді дәптерге салу. Спектрге сипаттама беру.
г) Спектр окулярынкөзге таяп, күндізгі жарықтың спектрін бақылау. Суретін салып, қандай спектр екенін ата.
ғ) Алдыңғы бақыланған спектрді күндізгі жарық спектрімен салыстырып, қорытынды жасау.
д) Кілтті қосып, қызған металл спектрін шамның жарықтылығын бірітіндеп азайта отырып бақылау.
2.а) Құрғақ спиртті жағу. Спектроскоптың окуляры арқылы жалынның анық спектрін алу.
ә) Жалын үстіне кішкене тұз сеуіп, алынған спектрді бақылау. Спектрдің түсті сызықтарының орналасу ретін белгілеу.
б) Жалынды өшіріп, спектрдің көрінісін дәптерге салу, сипаттама беру.
3.а) Спектроскоптың окулярын көзге таяп, күндізгі жарықтың анық спектрін алу.
ә) Спектроскоптың саңылауының алдына кезек-кезек шыны ыдыстағы ерітінділерді және түрлі-түсті шыныларды орналастыру.
б) Алынған спектрлерді бақылап, нақты әр жағдай үшін: сызықтар санына және олардың орналасу ретіне назар аудару..
в) Спектрлерді дәптерге салып, сипаттама беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет