Зертханада жұмыс орындау әдістері Қыздыру. Химиялық зертханаларда көптеген операциялар қыздыру арқылы жүреді. Егер кей процестерді аздап, ақырындап және біркелкі қыздыру арқылы жүргізсе, кей процестерді қатты және тез қыздыру арқылы жүргізеді (38-сурет).
38-сурет. Зертханалық спирт шамы.
Жылу қуаттылығы шағын ашық от қажет болатын химиялық, микробиологиялық, биотехнологиялық және мектептің зертханаларында, медицина кеңселерінде спирт шамы қолданылады. Ол спирт құятын ыдыстан, пілтеден тұрады. Жұмыс соңынан спирт ұшып кетпес үшін шамды қақпақшасымен жауып қояды. Шам пілтесі мақтадан не асбест талшықтан жасалады.
Қыздыруға газ құралдары және жабық электр плиткалары да қолданылады. Электр плиткаларын жылуды изоляциялайтын материалдар үстіне қояды. Химиялық ыдыстарды асбест торлардың үстіне қою қажет. Қыздырған кезде айырлатын не жанатын заттарды газ құралдары арқылы қыздыруға болмайды, әр түрлі моншаларда (электр су моншасы-1000С-ға дейін қызады, электр құм моншасы-100-4000С арасында қызады).
Су моншасы. 100°С аспайтын температураны алу үшін су моншасы қолданылады. Су моншасының температурасын плитка күшінің өзгеруімен реттейді. Су моншасымен жұмыс істеген кезде қолбадағы және моншадағы
сұйықтық бір деңгейде болатындай етіп сұйықтығы бар қолбаны батыру керек. Қайнау температурасынан жоғары қыздырса, сұйықтық қатты қызып, кейін жарылып кетуі мүмкін. Бұны болдырмау үшін «кипелкалар» - глазурланбаған фарфор бөлшектерін қолдану керек. Су моншасын металдық натрий және калиймен жұмыс кезінде қолдануға болмайды. Диэтил эфирімен және басқа да төменгі температурада қайнайтын, оталғыш, тұтанғыш ерітінділермен жұмыс орындағанда арнайы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Ауа моншалары. Плитка үстінде қыздыру 100°С-тан жоғары температура алу үшін қолданылады. Асбест торын қолдану біркелкі қыздырылуды қамтамасыз етеді.
Май моншалары. 100-250°С температура аралығынан аспайтын қыздыруды жүргізгенде май моншасы қолданылады. Толтырғыш ретінде минералды майлар қолданылады. Синтездеу процесін жүргізгенде реакциялық ыдысты жартылай маймен толтырылған моншаға ыдыстағы заттың деңгейі маймен бір деңгейде болатындай етіп орналастырады. Мұндай моншаларда керек температура қолданылатын майдың сортына байланысты алынады. Кейде минералды майларды гликольды, глицеринді және парафинді майлармен алмастырады. Май моншасына арналған ең жақсы жылу сақтағыш - 300-360°С дейін қыздыруға шыдайтын - силиконды майлар болып табылады. Қыздырылған май көбіктеніп және шарырайтындықтан, моншаға су түсіруге болмайды. Май моншасымен жұмыс істеген кезде реакциялық қолбада да, моншада да температураны қадағалау керек. Олармен сорғыш шкафта жұмыс істеу керек, себебі майды қатты қыздырғанда жартылай ыдырайды және ол «түтіндеуі» мүмкін.
Жоғары температурада ұзақ уақыт қыздырылса, моншадағы май лап етуі мүмкін. Лап еткен майды сумен де, құммен де сөндіруге болмайды. Моншаны асбест торымен жабу керек.