Тотығу-тотықсыздану реакциялары Жұмыстың мақсаты: тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын жүргiзу. Элементтердiң тотығу дәрежесiн анықтау арқылы реакцияны электрондық немесе иондық-электрондық әдiстері бойынша теңестiру. Тотығу-тотықсыздандыру реакциясының жүруі оның өткізу жағдайларына тәуелді екенін зерттеу.
Тәжірибелер:Кажетті аспаптар мен реактивтер: сынауықтар, штативтер; ерітінділер: Тотығу-тотықсыздану реакцияларының өнімдерінің ерітінді ортасына тәуелділігі. 1. Үш сынауық алып үшеуіне де ерітіндісін құйыңдар. Біріншісіне , екіншісіне , үшіншісіне ерітіндісін қосыңдар. Содан соң үш сынауыққа да шамалыерітіндісін құйыңдар. Әр сынауықта не байқалады? Калий перманганаты қышқыл ортада ионына, бейтарап ортада , сілтілік ортада ионына дейін тотықсызданатынын ескеріп, жүрген тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеулерін электрондық теңдеу құру арқылы екі әдісті қолданып құрыңдар. Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты анықтаңдар және олардың эквиваленттерін есептеңдер. Осындай тәжірибені -тің орнына , алып жүргізіңдер. Реакция теңдеулерін құрыңдар.
Бақылау сұрақтары: 1.Электрондық баланс әдісінің ерекшелігі неде?
2.Ионды-электронды баланс әдісінің артықшылығы қандай ?
3.Тотығу-тотықсыздану реакцияларының электр қозғаушы күштері қалай анықталады?