Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы



бет13/19
Дата25.09.2022
өлшемі0,65 Mb.
#150707
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Методические реком к лабораторные работы

1. Бейтараптау реакциялары. а) күшті қышқыл мен күшті сілтінің әрекеттесуі. Фарфор табақшаға 5 мл 2 н тұз қышқылының ерітіндісіне тамшылатып 2 н натрий гидроксидінің ерітіндісін бейтарап реакцияға дейін (көк және қызыл лакмус қағазы түстерін өзгертпейді немесе лакмус күлгін түске боялады) қосыңдар. Алынған ерітіндіні қыздыру арқылы құрғатыңдар. Не түзілді? Реакция тендеулерін молекулалық жене иондық түрде жазыңдар.
ә) әлсіз кышқыл мен күшті негіздің әрекеттесуі. Сынауыққа 2 мл 2 н сілті ерітіндісін құйып, бір тамшы фенолфталеин қосып, оған 2 н сірке қышқылын тамшылатып ерітінді түссізденгенше қосыңдар. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
2.Амфотерлік. Сынауыққа мырыш сульфаты ерітіндісін құйып, оған шамалы натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаны екі сынауыққа бөліп, біріншісіне тұз қышқылы, екіншісіне натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
3. Күшті қышқыл мен әлсіз қышқылдың тұзының әрекеттесуі. Екі сынауықка 5 мл 2 н кышқыл кұйып, әрқайсысына бір түйір мырышты салындар. Сутегі бөліне бастағанда біреуіне 5 мл натрий ацетатының ерітіндісін, екіншісіне 5мл су кұйыңдар. Не байқалады? Реакцияның молекулалық және иондық тендеулерін жазыңдар.
4.Ерімейтін тұздардың түзілуі. Үш сынауыққа 2-3 тамшыдан барий, стронций, кальций хлоридтерінің ерітінділерін құйып, біріншісіне натрий сульфаты, екіншісіне кальций сульфаты, үшіншісіне стронций сульфаты қанық ерітіндісін қосыңдар. Ерігіштік көбейтіндісі туралы түсінікті пайдаланьш, байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Реакция тендеулерін молекулалық және иондық түрде жазындар.
5.Ерітіндідегі тұнбаның еруі. а) Сынауықка кальций гидроксидін салып, су кұйып араластырындар. Тұнбасы бар қанық ерітіндіге тұз қышқылын қосыңдар. Не байкалады? Кальций гидроксидінің ерігіштік көбейтіндісін жазып, байқалған кұбылысты түсіндіріңдер.
ә) Екі сынауыққа құрғақ кальций оксолатын салып, біреуіне тұз
қышқылын, екіншісіне сірке қышқылын қосындар. Не байқалады? Тұз, сірке және қымыздық қышқылдарының диссоциациялану дәрежесін пайдаланып, байқалған кұбылыстарды түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет