6. Нашар еритін электролиттер. Темір (II) және мыс (I) сульфидтерін алыңдар. Алынған тұнбаларға 2н тұз қышқылын қосыңдар. Тұнбаның қайсысы ериді? Ерігіштік көбейтінділер шамаларын пайдаланып тұнбалардың еруін түсіндіріңдер. Реакция тендеулерін жазыңдар.
7.Ұшқыш қосылыстар түзілуі. Сынауыққа аммоний тұзының ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы ерітіндісін қосып қайнағанша қыздырыңдар. Сынауықгың аузына ылғал қызыл лакмус ұстаңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Бақылау сұрақтары:
1.Электролиттік диссоциация туралы түсінік.
2. Диссоциациялану дәрежесі неге тәуелді ?
3. Мына реакциялардың толық және қысқартылған иондык теңдеулерін жазыңыз:
а)
ә)
б)
в)
№8 зертханалық жұмыс
Судың иондық көбейтіндісі. Сутегіндік көрсеткіш. Тұздар гидролизі.
Жұмыстың мақсаты: Тұздардың гидролиздену реакцияларын зерттеу, ортаның рН-ң өзгеруiн және гидролиздiң температура мен сұйылтуға тәуелді екенін байқау.
Тәжірибелер:аспаптар мен реактивтер:сыйымдылығы 10 мл өлшеуіш цилиндр, спирт шамы, воронка, шыны таяқша, штатив сынауықтарымен, магний ұнтағы, лакмус қағаздары, сүзгі қағазы, ерітінділер: тұз қышқылы (2н ), натрий гидроксиді (2н), аммоний сульфаты (2н), алюминий (ІІІ) хлориді (2н), темір (ІІІ) хлориді (2н), мыс (ІІ) сульфаты (0,5н), натрий нириті (2н), натрий сульфиді (2н), натрий сульфиті (2н), натрий ацетаты (2н), натрий карбонаты (2н), натрий хлориді (2 н), , сурьма хлориді (0,5н), фенолфталейн, әмбебап индикатор қағазы.
1. Ерітінді ортасын анықтау. Оқытушыдан ерітіндіні алып рН анықтаңдар.
Әмбебап индикатор қағазын пайдаланып, жұмыс істеу ережесін оқып біліп алыңдар. Ол ереже әмбебап индикатор қағазы бар кітапшалар сыртында жазылған. Ережеге сәйкес тәжірибе жасап, зерттелген ерітіндінің рН-ы туралы қорытынды жасаңдар. Ортаның реакциясы кандай? Сутегі иондар концентрациясын есептендер.
Достарыңызбен бөлісу: |