1. Комплексті катион. а) Сынауықка 1-2 мл , ерітіндісін құйып шамалы ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнба ерігенше аммиак ерітіндісін қосыңдар. Күміс катионының координациялық саны 2-ге тең екенін ескеріп, реакция теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіні 4-ші тәжірибеге сақтаңдар.
ә) Сынауықка 1-2 мл мыс (II) хлориді ерітіндісін кұйып, тамшылатып аммиак ерітіндісін қосыңдар. Алдымен мыс (П) гидроксиді тұнбаға түседі, аммиакты тұнба ерігенше косыңдар. Мыс катиондарының түсін түзілген ерітіндінің түсімен салыстырыңдар, ерітіндінің, түсі кандай ион бар екенін көрсетеді. Комплексті негіздің түзілу реакциясының тендеуін жазып, катионының координациялық саны 4-ке тең екенін көрсетіңдер.
Алынған ерітінділерді 4-тәжірибеге сақтап қойыңдар. Түзілген комплексті қосылыстарды атап, диссоциация тендеуін жазыңдар
2. Комплексті анион. а) Сынауыққа сынап (II) нитратының 1-2 мл ерітіндісін құйып, оған тамшылатып калий иодидінің қанық ерітіндісін тұнба түзілгенше косыңдар. Содан соң калий иодидінің ерітіндісін тұнба ерігенше қосыңдар. Сынаптың координациялық саны 4-ке тең екенін ескеріп, түзілген комплексті қосылыстың формуласын кұрып, реакция тендеуін жазыңдар.
ә) Сынауыққа 1-2 мл ерітіндісін құйып, оған тамшылата калий иодидінің ерітіндісін түзілген тұнба ерігенше қосындар. Алынған ерітіндінің түсіне назар аударыңдар. Түзілген комплексті қосылыстың формуласын жазып, оның үзілу реакцияссын және диссоциациялануының тендеуін жазыңдар.
3. Комплексті ионмен темір (ІП) иондарының ерітіндідегі айырмашылығы. а) Сынауықта темір (III) хлоридінің 1-2 тамшы ерітіндісіне калий роданидінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакдия теңдеуін молекулалық, иондык түрде жазыңдар. Бұл реакция темір (III) катионына тән және оны аныктау үшін қолданылады.
е) Сынауықка 1-2 мл калийдің (III) гексацианоферратын және ерітіндісін құйып, әрқайсысына темір (II) сулъфатын қосыңдар. Бірінші сынауықта өзгеріс болмайды, ал екіншіде турнбулл көгі деп аталатын көк тұнбаның түзілуін түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрінде жазыңдар. Турнбулл көгі тұнбасының түзілуі - комплексті ионға тән реакция.
Достарыңызбен бөлісу: |