Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет24/39
Дата21.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#154385
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
бейорганикалық химия лаб жум адис нус

Тәжірибе. Калий тұзы ерітіндісінің тамшысына 1-2 тамшы натрий гексанитро-(ІІІ) кобальтаты ерітіндісін құяды.. Күшті қышқылда ерігіш ашық жасыл түсті тұнба түзіледі. Натрий гексанитро-(ІІІ) кобальтаты тез ыдырап, қызғылт түске айналады. NH4+ катионы да осындай тұнба түзеді.
3. Микрокристаллоскопиялық реакция. Натрий қорғасын гексанитро(ІІ)купраты Na2Pb[Cu(NO2]6 К+ катионымен кубты кристалды қара және қоңыр түсті қосылыс К2 Pb [Cu (NO2)6 ] түзеді:
Na2Pb[Cu (NO2)6] + 2КСІ → К2Pb[Cu (NO2)6 ] ↓ + 2NaСІ
+ + Pb2+ + [Cu (NO2)6]4- → К2Pb[Cu (NO2)6]
Тәжірибе. Заттық әйнекке калий тұзы ерітіндісін тамызып , құрғағанша жалында қыздырады. Суыған соң натрий – қорғасын гексанитро(ІІІ)купраты реактивін тамызады, нәтижесінде кубты кристалдар түзіледі.
4. Жалын түсінің өзгеруі.
Тәжірибе. Платиналы немесе нихромды сымтемірді тұз қалдықтарынан әбден тазалайды. Ол үшін концентрлі тұз қышқылына батырып, жалында ұстап қыздырады. (жалынның түсі түссізденгенге дейін) Тазаланған сымтемірді калий тұзына батырып, жалында қыздырады. Калий тұзына тән солғын-күлгін жалын білінеді.
Na+ катионына сапалық реакциялар.
1. Калий дигидроантимонаты КН2SbO4 Na+катионымен ақ кристалдық натрий дигидроантимонаты тұнбасын түзеді:
NaCI + KH2SbO4 → NaH2SbO4 ↓ + KCI
Na+ + H2SbO4- → NaH2SbO4
Тәжірибе. 5-6 тамшы натрий тұзы ерітіндісіне осындай мөлшерде KH2SbO4 ерітіндісін құйып араластырғанда ақ кристалдық NaH2SbO4 тұнбасы түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет