Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет4/39
Дата21.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#154385
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
бейорганикалық химия лаб жум адис нус

Жұмыс нәтижесін тапсыру:
1.Техникалық қауіпсіздік ережелерін жаттап келу.
2.Ауа сорғыш шкафта қандай зертханалық жұмыстарды орындау қажет?
3. Қышқылдармен жұмыс жасағанда сақтық ережелері
4. Лабораториялық ыдыстармен танысып,оларға сипаттама беріңіз


Бақылау сұрақтары:

1.Техникалық қауіпсіздік ережесі
2.Улы және ушқыш заттармен қалай жұмыс жасау қажет?
3.Лабораториялық журналды толтыру
4. Жалпыға арналған ыдыстардың қолданылуы
5.Арнайы ыдыстар мен өлшеуіш ыдыстар қандай мақсатта пайдаланылады.
6.Фарфор және жалынға төзімді ыдыстарды атаңыз
7. Ылғал сорғыштарға нелер жатады?

2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС




Лабораториялық жұмыстын аты: Таразылар және таразыларда тарту
Жұмыстын мақсаты: студенттерді таразылар және таразыларда тарту ережелерімен таныстыру
Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер
Техникалық таразы, гірлер


Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы
1-тәжірибе: Техникалық таразыда үлкен дәлдікте (дәлдігі 1г дейін)
2-тәжірибе: Техникалық таразыда кіші дәлдікте (дәлдігі 0,01г дейін)
Технохимиялық таразы – 0,01г дейінгі салмақтағы заттың массасын анықтайды. Оларды көбіне анализге қолданады. Бұл таразыларда 0,0001-0,0002 г-ға дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Әр таразының типі не тән гірлері болады. Технохимиялық немесе аналитикалық таразыға арналған арнайы қорапқа салынған г ірлер жиынтығын салмағы әртүрлі гірлер деп. Атайды. Технохимиялық немесе аналитикалық таразылар бір және екі тостағанды болады. Технохимиялық екі тостағанды таразының тағанын стел беті не көлденең орналастыру керек. Керек жағдайда таразының бұрандасын бұрау арқылы тостағаншасын тепе-теңдік күйге келтіруге болады.
Технохимиялық таразының жұмыс істемей тұрған жағдайында оның тостағандарын ұстап тұратын арретир деген құрылғысы бар, оны бұрғанда таразының призмасының жүктемесі босайды. Таразыны жұмыс істейтін күйге келтіру үшін арретирін түсіру қажет. Бұл үшін айналдырғанда арретир төмен түсіп таразының тостағандары күйентенің призмасына тірнлетін үзеңгіге ілінетін маховик болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет