Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет9/39
Дата21.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#154385
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
бейорганикалық химия лаб жум адис нус

Жұмыс нәтижесін тапсыру:
Байқағандарыңды түсіндіріңдер. Реакцияның молекулалық және ионды-молекулалық теңдеуін жазыңдар.


Бақылау сұрақтары:

1. Негіздік гидроксидтердің алыну жолдары
2. Негіздік гидроксидтердің қасиеттері.
3. Амфотерлік гидроксидтердің алыну жолдары
4. Амфотерлік гидроксидтердің қасиеттері.
5. Сілтілердің қасиеттері

5 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС




Лабораториялық жұмыстын аты: Комплекс қосылыстар
Жұмыстын мақсаты: Комплекс қосылыстарды тәжірибеде алып алыну реакцияларын жазып үйрену.
Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер

  1. Сынауықтар

  2. Реактивтер : мыс сульфаты, аммоний гидроксиді, сынап (ІІ) нитраты, калий иодиді, темір (ІІІ) хлориді, натрий фториді.

Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы
1-тәжірибе: Гидроксокомплекстердің түзілуі
Пробиркаға 1 мл СuSO4 ерітіндісін құйып оның үстіне бірнеше тамшы аммиак ерітіндісін ақшыл көк тұнба түзгенше тамызады. Тұнбаның азғана бөлігін алып оған аммиак ерітіндісін артығымен құяды. Тұнбаның еріп кеткендігін, ал ерітіндінің өңінің көгеріп кеткендігін байқаймыз. Оның себебі комплексті ион [Cu(NH3)4]2+ түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
2-тәжірибе: Сынаптың ацидокомплексінің түзілуі
1 мл Нg (NO3)2 ерітіндісіне тамшылатып КІ ерітіндісін ашық қызыл тұнба түзілгенше қосады. Түзген тұнбаның бір бөлігін алып оған көбірек етіп КІ ерітіндісін құяды. Тұнбаның еріп кеткендігін байқаймыз, оның себебі суда еритін комплексті тұздың К2 [HgI4] пайда болуынан болады.
3-тәжірибе: Темірдің(ІІІ) қос тұздары және комплексті қосылыстарының қасиеті.
1 мл ҒеСl3 ерітіндісіне 2 мл натрий фторидінің ерітіндісін қосады. Ерітінді қоспасының сарғыш өңінің комплексті ион [FeF6]3- түзілуінің салдарынан жойылып кеткендігін байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет