Жұмыс нәтижесін тапсыру:
Комплекс түзушінің зарядын және оның координациялық санын анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
Бақылау сұрақтары:
Әрекеттесу массалар заңын күшті электролиттерге қолдануға бола ма?
Судың иондарының көбейтіндісі дегеніміз не және оның 22 мәні
Қандай жағдайда тұздардың гидролизі қайтымсыз
Неліктен тұздардың барлығы да гидролизге ұшырамайды?
Комплекстің тұрақсыздық константасы дегеніміз не?
№ 6 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Лабораториялық жұмыстын аты: Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері
Жұмыстын мақсаты: Химиялық реакциялардың жылдамдығына әрекеттесуші заттардың концентрацияларының әсерін анықтау.
Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар, реактивтер
Бюретка, штатив, пробирка, секундомер, дистилденген су, 0,5h H2SO4, 1н Na2S2О3.
Жұмысты орындаудың әдістемелік нұсқауы
1-тәжірибе. Әрекеттесуші заттар концентрациясынын реакция жылдамдығына әсері.
Үш бюретканы толтырыңдар: біріншісіне -0,5н Н2SО4 ерітіндісін; екіншісіне -1н Na2S2О3 ерітіндісін; үшіншісіне- су құйыңдар. 4-пробиркаға бюреткадан 6мл 0,5н H2S04 құйыңдар. Басқа 4 пробиркаға: біріншісіне 4мл 1н Na2S203 ерітіндісі мен 2мл су; екіншісіне - Змл 1н Na2S203 ерітіндісі мен 3мл су; үшіншісіне -2мл 1н Na2S203 пен 4мл су; төртіншісіне- бмл 1н Na2S203 ерітіндісін құйыңдар. Екі-екіден парлап пробиркаларды- бір-біріне құйындар, секундометрмен қышқылды құйғаннан бастап, лайланғанға дейін уақытты (т) өлшеңдер. Натрий тиосульфаты мен күкірт қышқылының арасында мынадай реакция түзеді:
Na2S203+H2S04→Na2S04+S↓,+S02+H20
2-тәжірибе. Химиялық тепе-теңдік. Әрекеттесуші заттар концентрациясының химиялық тепе-тендікке әсері.
Реакция мына тендеу арқылы жүреді:
FeCl3+3NH4SCN↔Fe(SCN)3↓+3NH4Cl
Бастапқы және түзілген заттардың түсі әртүрлі болғандықтан, әрекеттесуші заттар концентрациясының химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсерін байқауға болады. Реакция нәтижесінде түзілген Fe(SCN)3-Tүci қып-қызыл (қан тәрізді) болады. Ерітіндінің түсінің өзгеруі концентрациясына байланысты. Егер де ерітіндінін түсі қып-қызыл болса, онда тепе-теңдік оңға ығысады, ерітіндінің түсі шамалы қызғылт болса, тепе-теңдік солға ығысады.
Пробиркаға 1/4 бөлігіне сұйытылған ҒеСl3 ерітіндісіне, тең көлем сұйытылған NH4SCN ерітіндісін құйыңдар. Бастапқы алынған ерітінділер түссіз болуы керек, реакция нәтижесінде пайда болған ерітіндінің түсі - шай тәрізді. Түзілген ерітіндіні 4 пробиркаға беліп құйыңдар. Бірінші пробиркаға- 3-4 тамшы концентрленген ҒеС13 ерітіндісін, екіншісіне-3-4 тамшы концентрленген NH4Cl ерітіндісін құйыңдар, үшіншісіне- NH4SCN кристалдарын қосыңдар. Төртінші пробирка салыстыру үшін. He байқалады? Пробиркалардағы ерітінділердің түстері қалай өзгереді? Тәжірибеден алынған мәндерді кестеге жазыңдар.
3-тәжірибе. Температураның реакция жылдамдығына әсері.
Na2S203, H2SO4 ерітінділері бар бюреткаларды жұмыс істеу жағдайына келтіру керек. Төрт нөмірленген (1,2,3,4) пробиркаға бюреткадан 6 мл-ден 1н Na2S2О3 ерітіндісін, басқа 4 пробиркаға 1а,2а,3а,4а 6 мл-ден 0,5н H2SО4 кұйыңдар. Лабораториядағы бөлмедегі температураны байқаңдар. N1 және Nla пробиркаларды бір-біріне құйыңдар. Қышқылды құйғаннан бастап, лайланғанға дейінгі уақытты (т) өлшеңдер. Екінші парланған пробиркаларды су құйылған химиялық стаканға орналастырыңдар, қыздырындар. Стакандағы судың температурасын 10°С шамасына бөлме (лаборатория) температурасынан жоғары болу керек. Температураның өзгеруін термометр арқылы байқандар.
Пробиркаларды бір-біріне құйындар, белгілі бір температураға дейін қызғанша. Бірінші әдістегідей, ерітіндінің лайлану уақытын жазыңдар. Қалған пробиркалармен әрдайым температура 10°С жоғарылатыңдар.
4-тәжірибе. Гетерогенді жүйедегі әрекеттесуші заттардың бөліну бетінің реакция жылдамдығына әсері.
Шамамен бірдей (0,5г) бордың екі бөлігін алыңдар. Біреуін үгітіп, екіншісін бөлік түрінде екі пробиркаға салыңдар. Екеуіне де бір мезгілде 1мл сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. He байқалады? Неліктен екі жағдайда бордың еруі екі түрлі?
Достарыңызбен бөлісу: |