Байланысты: ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)
5. Галогенсутектердің тотықсыздандырғыш қасиеттері. Үш құрғақ сынауыққа калий йодидінің, калий бромидінің, калий хлоридінің ұнтақтарын салып, әрқайсысына 2-3 тамшыдан концентрлі күкірт қышқылын тамызыңдар. Алғашында үшеуінде де ақ бу түзілгенін, ал кейін соңғы екеуіндегі өзгерістерді байқаңдар. Байқалған кұбылыстарды түсіндіріңдер. Галогенсутектердің тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстырып, қорытынды шығарыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Галогенсутектерді тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өсу ретімен орналастырыңдар.