Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Корғасынның гидроксокарбонатын алу



бет111/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

16. Корғасынның гидроксокарбонатын алу. Қорғасын (II) ацетатының ерітіндісіне аздап қорғасын (II) оксидін қосыңдар, қоспаны бірнеше минут қыздырыңдар. Суыған ерітіндіні тұнбаның бетінен құйып алып, оған көміртегі (IV) оксидін жіберіңдер. Не байқалады? Тұнбаны сүзіп алып сүзгі қағаз арасында кептіріңдер. Алынған қорғасын (II) гидроксокарбонаты тұнбасының түр-түсін байқап жазып алыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.

17. Дәнекерлеу. а) Жұмсақ дәнекер ретінде қолданылатын құйманы (37% қорғасын және 63% қалайы) дайындау үшін қорғасын мен қалайыны технохимиялық таразыда өлшейді, қорғасынды темір немесе фарфор тигельде балқытады, содан соң қалайыны қосады. Құйманы темір таяқшамен араластырып, темір немесе ағаш қалыпқа құяды.

ә) Дәнекерлеу алдында металл бетін зімпарамен жақсылап тазарту керек. Дәнекерлегіш ұшын зімпара немесе аммоний хлоридін тигізіп тазартып тұру керек. Егер кұрал ұшы таза болса, оған құйма оңай жұғады, тегіс қаптап тұрады.

б) Дәнекер ерітіндіні дайындау. Ол үшін 30 г мырыш хлоридін және 15 г аммоний хлоридін 55г суда ерітесіңдер.

Дәнекерлеу. екі біріктірілген бетті дәнекер ерітіндімен сулаңдар. Құралды құйманың балқу температурасынан жоғары қыздыру керек. Қыздырылған дәнекерлегішті аммоний хлоридіне немесе бірер секунд дәнекер ерітіндіге батырып алыңдар. Құралмен құйманы кішкене алып, біріктірілетін беттерге тигізіңдер, жүргізіңдер, жайлап қана басыңдар, құйма біртіндеп тегіс жайылуы керек. Құйманың артық мөлшерін құралмен (дәнекерлегішпен) кетіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет