1. Берилий, магний, кальций, стронций және барий атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар. ІІ топ негізші топшадағы берилийден барийға дейінгі элементтердің атом радиустары, иондану потенциалдары және химиялық қасиеттері қалай өзгереді?
2. Берилий мен магний гидроксидтерінің алынуы мен қышқылдық-негіздік қасиеттеріне сипаттама беріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Неліктен магний гидроксиді аммоний тұзы ерітіндісінде ериді, түсіндіріңдер. Магний ионы толық тұнбаға түсуі үшін қандай сілті ерітіндісі пайдаланылады?
4. Сілтілік-жер металдарының гидроксидтерін қалай алуға болады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік-жер металдары гидроксидтерінің ерігіштігі мен күші қалай өзгеріп отырады?
5. Сілтілік-жер металдар сульфаттары мен карбонаттарының судағы ерігіштігі қалай өзгереді?
6. Судың «кермектілігін» қай иондарға байланысты? Оны қалай жоюға болады? Сәйкес теңдеулерін жазыңдар.