Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Период. Периодтық жүйенің құрылымы
2.Топтар. Блоктар
3.Қатарлар
III.Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі — Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.
Жүйе атақты орыс химигі Д. И. Менделеевтің 1869 жылы ашқан периодтық заңының графикалық түрде бейнеленуі болып табылады. Оның бастапқы нұсқасын Д. И. Менделеев 1869-1871 жылдары шығарған еді және бұл нұсқасында элементтердің қасиеттерінің олардың атомдық салмағына (қазіргіше, атомдық массасына) тәуелділігін көрсеткен еді.
Периодтық жүйені суреттеудің (аналитикалық қисық сызықтар, кестелер, геометриялық фигуралар, және т.с.с) барлығы бірнеше жүздеген [1] (кітабында 400-ден астам деп айтылады) нұсқасы ұсынылған. Жүйенің қазіргі кездегі нұсқасында элементтерді екіөлшемді кестеге жинақтау қарастырылады. Мұндағы әрбір бағана (периодтық жүйенің тобы) негізгі физико-химиялық қасиеттерді анықтаса, қатарлар периодтық жүйенің периодын құрайды және белгілі мөлшерде бір-біріне ұқсас боп келеді. Периодтық жүйенің бірнеше түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |