Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет4/6
Дата01.02.2022
өлшемі32,83 Kb.
#130325
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-87009
МФил. СИЛЛАБУС. Тід білімініңжаңа бағыттары, stud.kz-21066, thesis30692

Қатарлар


Периодтарда араб сандарымен белгіленген 10 қатар кіреді. Үлкен периодтардың жұп қатарларында (төртінші, алтыншы, сегізінші және оныншы) тек металдар тұр және бұл қатарлардағы элементтердің қасиеттері аздап қана өзгереді. Үлкен периодтардың тақ қатарларындағы (бесінші, жетінші, тоғызыншы) элементтің қасиеттері қатардағы типтік эдменттердегі сияқты солдан оңға қарай өзгереді.

Менделеев II және III период элементтерін типтік деп атады. Бұл элементтердің қасиеттері типтік металдан екідайлы элементтерге одан бейметалл мен инертті газға қарай заңдылықпен өзгереді. Сонымен қатар периодтарда элемент қосылыстарының қасиеттері және формалары да заңдылықпен өзгереді.

Үлкен периодтардың элементтері тотығу дәрежелері бойынша (Менделеевтің кезінде-валенттілік бойынша) екі қатарға бөлінген. Мысалы IV периодтағы элементтердің тотығу дәрежелері жұп) екі қатарға бөлінген. Мысалы IV периодтағы элементтердің тотығу дәрежелері жұп қатарда K-ден Mn-ке қарай +1 –ден +7-ге дейін артады, оған жалғасып сегізінші топта Fe, Co, Ni триадасы келеді, содан соң қайтадан тотығу дәрежелерінің артуы тақ қатардағы Cu-тан Br-ға дейінгі элементтерде байқаладаы. Қалған үлкен периодтарда да дәл осылай болады.


VI периодта лантаннан кейін реттік нөмерлері 58-71-ге тең 14 элементтері лантаноидтар деп атайды (лантанға ұқсастар). Лантаноидтар кестенің төменгі жағында жеке орналастырылған, олардың жүйеде орналастыру кезектестігі ұяшықта былайша көрсетілген La-Lu. Лантаноидтардың химиялық қасиеттері өте ұқсас.
VII периодта реттік нөмерлері 90-103-ке дейін 14 элементті актоноидтар деп атайды. Оларды лантаниодтардың төменгі жағынан жеке орналастырады, ал сәйкес ұяшықта олардың жүйеде орналасу кезектестігі көрсетілген:Ac-Lr. Көптеген актонидтар радиоактивті.

Топтар


Тігінен орналасқан элементтердің қатарын топтар деп атайды. Периодтық жүйеде сегіз топ бар, олардың нөмері рим сандарымен белгіленген. Топ нөмері элементтің ең жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келеді. Фтордың тотығу дәрежесі әрқашан -1-ге тең, мыс, күміс,алтынның тотығу дәрежелері +1,+2,+3-ке тең, ал VIII топ элементтерінен +8 тотығу дәрежесі тек осмий, рутений, ксенонға тән.

Әрбір топ-негізгі(A) және қосымша (Б) деп екі топшаға бөлінеді. Негізгі топшаны табиғи ұялас элементтер құрайды;оған типтік элементтер (II және III период элементтері) және химиялық қасиеттері соларға ұқсас үлкен периодтардың элементтері кіреді. Қосымша топшаны үлкен периодтың элементтері –металдар ғана құрайды.

VIII топ қалған топтардан ерекшеленеді. Инертті газдарың негізгі топшасынан басқа, онда үш қосымша топша бар: темір топшасы, кобальт топшасы, никель топшасы, оларда көлденіңінен алғанда триада деп атайды, мәселен, темір триадасы: Fe,Co,Ni.

Негізгі және қосымша топша элементтері химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, VII топтың негізгі топшасын бейметалл галогендер:F,Cl,Br,I,At, ал қосымша топшасын металдар:Mn,Tc,Re Топшалар өзара ұқсас элементтерді біріктіреды.



Бір топта орналасқан элементтер ұқсас отттекті қосылыстар түзеді. Периодтық жүйеде әрбір топтың астында элементтердің жоғарғы оксидтерінің жалпы формуласы берілген: R2O,RO,R2O3, RO2,R2O5,RO3,R2O7,RO4 мұндағы R сол топтың элементі. Жоғарғы оксидтерінің формулалары топтың барлық элементтеріне қатысты, тек қана элемент топтың нөмеріне тең тотығу дәрежесінкөрсетпейтін кезде ғана бұл формула сәйкес келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет