9. Кадмий сульфидін алу және қасиеттері. Күкіртсутегі суын тұнба түсіргіш ретінде қолдана отырып, кадмий сульфидін алыңдар, сипатын және түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбаны ерітіндіден бөліп алып, тұнбаға сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнба ери ме? Ерігіштік көбейтіндісінің көрсеткіштерін пайдалана отырып, неге мырыш сульфиді мен кадмий сульфидінің тұз қышқылына әр түрлі әсер ететінін түсіндіріңдер.
10. Кадмийдің комплексті қосылыстары. Кадмий сульфаты ерітіндісіне алғаш тұнба ерігенше тамшылатып аммиак ерітіндісін қосыңдар. Алынған комплексті қосылыстағы кадмийдің координациялық саны 4-ке тең екендігін көрсете отырып, реакция теңдеуін жазыңдар. Кадмийдің комплексті қосылысының электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар, комплексті ионның тұрақсыздық контантасын көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |