11. Кадмий тұздарының гидролизі. а) Кадмий сульфаты ерітіндісінің ортасын бейтарап лакмус ерітіндісімен анықтаңдар. Гидролиздену реакциясының молекулалық және иондық теңдеуін жазыңдар.
ә) Кадмий сульфаты ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар. Тұнбаның түсін бақылаңдар. Пайда болған зат гидролиздің қай сатысының өніміне жатады? Кадмий карбонатының сатылап гидролиздену реакциясын молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
12. және иондарын айыру. және иондарын айыру үшін олардың сульфидтерінің сұйытылған тұз қышқылында әртүрлі ерігіштігін пайдалануға болады. Күкіртсутегін немесе күкіртсутегі суын пайдалана отырып, және иондарын бір-бірінен айыру жоспарын жасаңдар. Жоспарды оқытушыға көрсетіңдер. Мырыш және кадмий тұздары ерітінділерінің қоспасын дайындаңдар және жасалған жоспар бойынша қоспаны айыруды жүргізіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |