4. Фуксинді күкіртті қышқылмен түссіздендіру. Сынауыққа фуксиннің сұйытылған ерітіндісін құйып, күкіртті қышқыл ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Ерітіндіні қыздырып, байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
5. Күкіртті қышқыл және оның тұздарына тән реакциялар. Күкіртті қышқылдың жаңа дайындалған ерітіндісіне немесе оның тұзына барий хлоридінің ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Тұнбаға тұз қышқылының әсерін тексеріңдер. Не себептен тұнба тұз қышқылында ериді? Ерітіндіде көбінесе сульфат иондары болады, себебі күкіртті қышқыл ( сульфит ионы) оңай тотығады. Сондықтан, тәжірибені былай өткізген дұрыс: екі сынауыққа бірдей мөлшерде тұнба алыңдар, біреуіне тұз қышқылын, екіншісіне - сондай көлемде су қосып шайқаңдар. І-сынауықта II-сынауыққа қарағанда лайлану шамалы болатынын бақылаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |