4. Аммоний ионына тән реакция. Сынауыққа аммоний тұзының ерітіндісін құйып 1-2 мл ерітіндісін қосып қыздырыңдар. Сынауықтың аузына ылғал лакмус қағазын ұстаңдар. Лакмус қағазы қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Газдардың ішінде тек аммиак қана сумен қосылып сілті түзеді, соңдықтан лакмустың су буына көгеруі, ерітіндіде аммоний катионы бар екенін дәлелдейді. Егер бөлінетін аммиак көп болса, оны иісінен білуге болады.
5. Аммоний тұздарының термиялық ыдырауы. (ә,б-тәжірибелерін тартпа шкафта жүргізу керек). а) Ұзындығы 20-25 см шыны түтікшенің ортасына аммоний хлоридін нығыздай қалыңдығы 3-4 см-дей етіп орналастырыңдар (65-сурет). Түтіктің екі ұшына ылғал қызыл және көк лакмус қағазын орналастырыңдар. Түтікті штативке көлбеу орналастырып, төменгі жағынан бастап лакмус қағаздардың біреуі өзгергенше қыздырыңдар. Қандай газдар әсерінен лакмус қағаздары түсін өзгертеді? Не себептен бұл газдар бөлінеді? Аммоний хлоридінің ыдырауын реакция теңдеуімен жазып көрсетіңдер.
ә) Тигель қақпағына аммоний сульфатының бірнеше кристалын салып қыздырыңдар. 357°С-да аммоний сульфаты ыдырап аммиак бөлінеді, тұз балқып ыдырайды, балқыған тұздың құрамында аммоний сульфаты мен гидросульфаты болады. Бөлінген аммиакты анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Тигель қақпағына аммоний нитратының бірнеше түйірін салып қыздырындар, тартпа шкафтың шынысын төмен түсіріп қою керек. Қыздырып, реакция біткенде қақпақта зат қалды ма? Реакция тендеуін жазып, электрон-баланс теңдеуін көрсетіңдер.
Қорытынды: а,ә,б-тәжірибелерін салыстырыңдар, анионның табиғаты аммоний тұздарының ыдырау сипатына қалай әсер етеді?
Достарыңызбен бөлісу: |