7. Азотты қышқылдың түзілуі және ыдырауы. Сынауыққа 2-3 мл натрий нитриті ерітіндісін құйып қармен (мұз) суытыңдар, оған сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Ерітіндінің және оның үстіндегі газ түсін байқаңдар. Не себептен ерітіндіні суыту керек, түзілген газдың құрамы, ерітіндідегі түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.
8. Азотты қышқылдың тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері.
а) Сынауыққа 2-3 мл калий иодидінің ерітіндісіне сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісін қосып, натрий нитритінің сұйытылған ерітіндісін аздап тамызыңдар. Ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сұйытылған күкірт қьшқылының ерітіндісімен қышқылдандырылған калий перманганатының ерітіндісіне натрий нитритінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Өнімдердің бірі (II) тұзы екенін ескере отырып, реакция теңдеуін жазыңдар. Тәжірибелерде азотты қышқыл қандай қасиет көрсетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |