12. Қыздырғанда нитраттардың ыдырауы. (ә,б-тәжірибелерін тартпа шкафта жүргізу керек). а) Штативке бекітілген сынауыққа 1 г натрий нитратын салып қыздырыңдар. Газ бөлінгенін байқаңдар. Қандай газ түзілгенін анықтау үшін сынауыққа суығаннан кейін тәжірибе жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Калий нитратын қыздырғанда қалай ыдырайтынын еске түсіріңдер.
ә) Сынауыққа бірнеше түйір салыңдар, штативке тік бекітіп қатты қыздырыңдар. Тұз қандай өзгерістерге ұшырайды, байқаңдар.
Қандай газдар түзіледі? Сынауықта тәжірибеден кейін не қалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Күміс нитратының бірнеше түйірін сынауықта қыздырыңдар. Қандай газдар түзіледі? Сынауықта не қалды? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибелер нәтижесін салыстырыңдар, металл активтігіне нитраттар ыдырауы тәуелді ме? Бұл заттар ыдырағанда не себептен әр түрлі өнімдер түзіледі?
Достарыңызбен бөлісу: |