5. Азот (IV) оксидін алу. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек) а) Колбаға аздап мыс жаңқасын салып, воронкаға 5-10 мл концентрлі азот қышқылын құйыңдар. Қышқылды тамшылатып колбаға құйып тұрыңдар (68-сурет). Түзілген газды үш цилиндрге (2 банкаға және 1 сынауыққа) жинап алып, оларды шыны пластинкамен жауып, 6-тәжірибеге сақтап қойыңдар. Газдың түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Хлоркальций түтікшеге екі мақта қабатының арасына кальций хлоридінің түйірлерін салыңдар (түтікшесіз де тәжірибені жүргізуге болады). Колба сиятын үлкендеу ыдысқа (ванна) суытатын қоспамен (тұз бен қар (1:2) немесе мұз) толтырыңдар. Қабылдағыш колба өте құрғақ болуы керек, газды су астында жинау керек. Қоспаны фарфор табақшада қызыл-қоңыр түтін шыққанша шыны таяқшамен араластырып қыздырындар, оны 1-ші сынауыққа орналастырыңдар. Қыздыру бірдей таралу үшін қорғасын нитратына құм қосылады. Енді қоспасы бар 1-ші сынауықты қыздырыңдар, газ үнемі шығып тұруы керек және ваннадағы су кіріп кетпеуі керек. Колбада жиналған сұйықтықтың көлемі және түсі қандай? Егер хлоркальций түтікшесін қолданбаған болсақ, ылғал жерде көк түсті азот (III) оксиді де түзілуі мүмкін, сондықтан сұйықтықтың түсі жасыл болады. Колбада аздап сұйықтық жиналғанша, газ түтікті судан шығарып алып, қоспаны қыздыруды тоқтату керек. Сынауықта қандай газ жиналғанын дәлелдеңдер. Резеңке түтіктерге кысқыштарды ұстатыңдар, алдын ала хлоркальций түтікшесін босатып шығарып алыңдар. Сұйықтық бар колбаны келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. Қорғасын нитратының ыдырау теңдеуін жазыңдар.
68-сурет. Сұйық азот (ІУ) оксидін алуға арналған қондырғы: 1- сынауық; 2- хлоркальцийлі түтік; 3- салқындатқыш қоспасы бар ванна; 4- колба; 5- су толтырылған ванна; 6- қабылдағыш сынауық.
Достарыңызбен бөлісу: |