Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет47/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

3. Азот (II) оксидінің қасиеттері. (жұмысты тартпа шкафта жасаңдар). а) Азот (II) оксиді бар цилиндрге (банкаға) жанып тұрған шыраны салыңдар. Не байқалады? Түсіндіріңдер.

ә) Темір қасықшаға аздап қызыл фосфор салыңдар, ол жақсы жана бастағанда, азот (II) оксиді бар цилиндрге немесе банкаға салыңдар. Не байқалады, жанып тұрған фосфорда азот (II) оксиді газында қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда азот (II) оксиді қандай қасиет көрсетеді? (а) және (ә) тәжірибелерінің нәтижесінің айырмашылығын түсіндіріңдер.

б) Азот (II) оксиді бар банканы немесс цилиндрді ашыңдар, ақ кағаздың тұсына ұстап газдың түсінің өзгеруін байқаңдар. Алынған заттың түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда азот (II) оксиді қандай қасиет көрсетеді?

в) Сынауықтың 1/4 бөлігіне дейін жаңа дайындалған темір (II) сульфатының қанық ерітіндісін құйыңдар. Ол ерітіндіге азот (II) оксидін жіберіндер. Ерітіндінің түсі калай өзгереді? Нитрозо - темір (II) сульфатының түзілуін жазыңдар. Ерітіндіні қыздырыңдар. Не байқалады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Осы реакцияны қандай мақсатта қолданады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет