Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет82/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

7. Көміртегі (IV) оксидінің алынуы және қасиеттері. а) Кипп аппаратына мәрмәр кесектерін салып тұз қышқылының (1:4) ерітіндісін құйыңдар. Газ түзілгенін байқаңдар. Осы жұмыста күкірт қышқылын пайдалануға бола ма?

ә) Кипп аппаратынан шыққан газды лакмустың бейтарап ерітіндісімен боялған суы бар сынауыққа жіберіңдер. Не байқалады? Көміртегі (IV) оксидінің алыну және суда еру реакциялар теңдеуін жазыңдар. Көміртегі (IV) оксидінің судағы ерітіндісін қайнатыңдар. Түсі өзгере ме? Көміртегі (IV) оксидінің судағы ерітіндісінің тепе-теңдік теңдеуін жазыңдар. Бұл тепе-теңдікті қалай ығыстыруға болады? Көміртегі (IV) оксидін қалай жинауға болады?

б) Тәжірибеге екі стақан (немесе банка) алыңдар. Біреуіне Кипп аппаратынан көміртегі (IV) оксидін толтырыңдар. Стақанның толғанын жанып тұрған шырпы арқылы тексеруге болады. Екінші стақанға спирттелген мақтаның кішкене бөлігін салып, оны жанған шырамен тұтатыңдар. Содан соң көміртегі (IV) оксидін бірінші стақаннан екінші стақанға құйыңдар. Не байқалады? Бірінші стақанда көміртегі (IV) оксиді қалды ма, жанған шырпымен тексеріңдер. Көміртегі (IV) оксидінің салыстырмалы тығыздығы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

в) Көміртегі (IV) оксиді толған стақанға жанып тұрған магнийді салыңдар. Магнийдің жанғанын байқаңдар. Алынған өнімдерге сұйытылған тұз қышқылын құйып шайқаңдар. Заттың екеуі де ери ме? Қара түсті түйірлер қандай зат? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Көміртегі (IV) оксиді толған екінші стақанға темір қасықшадағы тұтандырылған фосфорды салыңдар. Фосфордың жану өнімдерін суда ерітіп, бейтарап лакмус ерітіндісімен сынаңдар. Байқалған құбылыстарды және реакция теңдеулерін жазыңдар. Жүрген тотығу-тотықсыздану процестерінде көміртегі (IV) оксидінің маңызын көрсетіңдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет