Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Аморфты кремнийді және силандарды алу



бет87/176
Дата03.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#108317
түріСабақ
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   176
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ (1) (1)

1. Аморфты кремнийді және силандарды алу. Сынауықтың 1/5 көлеміне дейін магний мен таза құрғақ құм ұнтақтарының қоспасын (массалар қатынасы 3:2) салыңдар. Сынауықты штативке тік бекітіңдер (қорғаныш көзілдірік кию керек). Алдымен бүкіл қоспаны қыздырып, сонан соң сынауықтың түбін қоспа қызғанша күшті қыздырыңдар. Реакция көп мөлшерде жылу шығарып жүреді. Сондықтан реакция басталғаннан кейін қыздыруды тоқтатыңдар. Реакция нәтижесінде кремний, магний оксидінен басқа магний силициді түзілетінін ескере отырып, реакция тендеулерін жазыңдар.

Сынауықты суытып, келіге салып сындырып, пайда болған затты аздап сұйытылған тұз қышқылы (1:1) бар стақанға салыңдар. Тұз қышқылы мен қоспаның қай өнімдері әрекеттеседі? Магний оксидінің және силицидтің тұз қышқылымен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Түзілген ақ түтін кремний (IV) гидриді - силан жанғанда түзілетінін ескеріп, силанның тотықсыздандырғыш қасиетін сипаттаңдар. Реакция біткеннен кейін тұнбаның бетіндегі ерітіндіні бөлек құйып алыңдар, тұнбаны сумен жуыңдар, сүзіңдер, кептіріңдер. Түсін байқаңдар. Келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. Кремнийге сұйытылған тұз қышқылының әсері қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет