1. Бор мен алюминийдің электрондық формулаларын жазыңдар. ІІІ топ негізгі топша элементтерінің атом радиусы мен иондану потенциалы қалай өзгереді?
2. Бор мен алюминийді қандай табиғи қосылыстардан алады?
3. Магний боридінің, диборанның, бор оксиді мен бор қышқылының алыну теңдеуін жазыңдар. Осы қосылыстардағы бордың тотығу дәрежесін табыңдар.
4. Алюминийге оттегінің, судың және сілтінің әсері қандай? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Алюминийдің сұйытылған және концентрлі ерітінділерімен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Алюминий оксиді мен гидроксидінің қандай химиялық қасиеттерін білесіңдер? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. Протолиттік теория бойынша алюминий гидроксидінің амфотерлік қасиетін түсіндіріңдер.
7. Бор мен алюминийдің және олардың оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін салыстырыңдар. Неліктен ІІІ топ негізгі топша элементтерінен бор мен алюминийдің оттекті қосылыстарының химиялық қасиеттері өзгеше? Түсіндіріңдер.
8. Қышқылдардың күші бойынша түзілген әртүрлі алюминий тұздарының гидролизденуі қалай жүреді? Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар