Зерттеу әдістері және оларды таңдау



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі17,76 Kb.
#86929
  1   2
Байланысты:
zertteu adisteri (1)


Зерттеу әдістері және оларды таңдау.
Зерттеу әдістері арқылы ақиқат ашылады. Әдістер зерттеу принциптеріне, кезеңдеріне, мәселе, болжам, зерттеудің мақсат, міндеттеріне, жинақталған мәліметтерге, оқушылардың жан – жақты, үйлесімді дамуына ықпал ету деңгейіне сай таңдалып, зерттеу жұмысының жеке бөліктеріне іріктеледі.
Зерттеу әдістері теориялық және практикалық деп екіге бөлінеді. Теориялық әдістер: талдау, жинақтау, нақтылау, индукция, дедукция, ұқсату, модельдеу, салыстыру, жіктеу. Практиканы зерттеу үшін қолданылатын әдістер: бақылау, әңгіме, рейтинг (білікті төрешілер бағасы), өзіне - өзі баға беру, педагогикалық консилиум, диагностикалық бақылау жұмыстары, педагогикалық тәжірибені зерттеу, педагогикалық тәжірибе жүргізу, экспермиент.
Назарларыңызға кең тараған зерттеу әдістерінің сызбасын ұсынамыз.
Бақылау әдісі. Бақылау жоспары.
Мақсаты: Сабақтың түрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігін анықтау.
Күні:
Мектеп:
Сынып:
Оқушы:
Оқытушы:
Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың
кезеңдері

Жауап беру үшін қолын көтерген оқушылар

Мұқият тыңдап отырған оқушылар

Оқу тапсырмаларын мұқият орындап отырған оқушылар

Оқушылардың мұғалімге қойған сұрақтары (нақтыландыру шы, проблемалық).

Үй тапсырмасын тексеру













Жаңа оқу материалын түсіндіру













Оқу материалдарын бекіту













Үй тапсырмасын
беру













Адамдардан мәліметтер алу үшін қолданылатын зерттеу әдістері.
Сауалнама арқылы жеке адамның және қоғамның санасы, оқиғалар туралы білімдер алынады. Респондентке зерттеу тақырыбына байланысты жазбаша және ауызша сұрақтар беріледі. Белгілі бір жоспармен әңгімелесу. Интервьюер (сұрақ беруші) және респондент (сұраққа жауап беруші) арасында байланыс орнап, респонденттің жауабын интервьюер немесе ассистенті жазып алады. Әңгіме ынтымаққа негізделген, мәселені бірге шешуге шақыратын сұрақ – жауап әдісінің бір түрі. Әңгіме респондентті және оның әлеуметтік тобын жете білу мақсатында өтеді.
Анкета – белгілі бір жоспармен өткізілетін жазбаша сауалнама.
Анкета сұрақтарының мазмұны, формасы жүйелі тұжырымдалған жоспар бойынша өтеді.
Түрлері:

Мақсаты: бір оқиға туралы білу; жақсы мен жаманға қатынасты білу. Өткізілу формасы: пошта арқылы өткізу; бұқаралық ақпарат құралдары өткізетін сауалнамалар; сырттай өткізу; жеке адаммен өткізу; топпен өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет