Зерттеу элементтері не сипаттама беріңіз



бет2/2
Дата19.12.2023
өлшемі18,43 Kb.
#197628
1   2
Байланысты:
9-10 билет Асқанбаев Д.

10-билет



Сұрақтар/тапсырма

Жауабы

1

Реферат жасаудың амалдарын көрсетіңіз

"Реферат" сөзі латын тілінен шыққан және оны сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол "баяндау, хабарлау" деген мағына береді. Іс жүзінде барлық сөздіктер бұл сөдің мағынасын бірдей ашады. Реферат - жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі тақырыпқа баяндама, әдебиет тізімі мен басқа да көздерге шолу жасайтын белгілі бір тақырыптағы баяндама.
Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі:
1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
2. Рефераттың құрылымы
3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
4. Рефератты қорғау

2

Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңдерін талдаңыз

Қазіргі жоғары оқу орындарының алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында білім алып жүрген кездің өзінде – ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми – зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс – тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет. Осыдан келіп, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру – білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы – алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.



3

Аралық және қорытынды нәтижелер алу әдістеріне мысал келтіріңіз

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерінде және эксперименттік кезеңнің тұтас бір бөлігінде аралық және қорытынды нәтиже болады. Олар, зерттеу барысында нысаналы топтың ішінара және толық қанағаттанудың деңгейін анықтауға өз әсерін тигізеді. Нәтижелерді алу бастапқы кезеңнен қарағанда өзгермелі мәнге ие болуы қажет. Онда зерттеу тобының жұмысын қорытындылауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында алынған алғашқы нәтижелерге қарап болжамды жұмыстың жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік береді. Ол жобаның немесе зерттеудің толыққанды орындалуына өз септігін тигізеді. Қорытынды нәтижеде бастапқы мақсат пен міндеттердің толық орындалуымен қатар, сұраныстар мен қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет