Зерттеу элементтері не сипаттама беріңіз



бет1/2
Дата19.12.2023
өлшемі18,43 Kb.
#197628
  1   2
Байланысты:
9-10 билет Асқанбаев Д.


9-билет



Сұрақтар/тапсырма

Жауабы

1

Зерттеу элементтеріне сипаттама беріңіз

Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді.

2

Педагогика ғылымының салалары мен түрлерін салыстырыңыз

Педагогика ғылымының салалары:
1) Жалпы педагогика. Ол барлық жастағы жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне ортақ негізгі заңдылықтары мен принциптерін зерттейді.
2) Мектепке дейінгі педагогика. Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақты тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді.
3) Мектеп педагогикасы. Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарымен ерекшеліктерін, оны ұйымдастыружолдарын қарастырады.
4) Жоғары мектеп педагогикамы. ЖОО-да оқитын жастарды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарын зерттейді.
5) Арнаулы педагогика (дефектология) бірнеше салаларға бөлінеді:
А. Сурдопедагогика – саңырау, мылқау және керең балаларға;
Ә. Тифлопедагогика – көру қабілеті нашар балаларға;
Б. Олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға;
В. Логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбие беру мәселелерін қарастыру.

3

Қалыптастырушы эксперименттің жоспарын жасаңыз

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет