Зерттеу жұмысы Тақырыбы: “Қазіргі таңдағы жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық, діни құндылықтар”



бет2/10
Дата22.04.2022
өлшемі1,26 Mb.
#140507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мәд тану 13 апта

Президент және жастар

  • 2013 жылдың 1 желтоқсан күні Астана қаласында Тұңғыш Президенті күніне орай Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еркін елдің ертеңі» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітапқа Елбасының бірлік, адамгершілік, қазақстандық патриотизм, мемлекет, жаһандану, саясат пен экономика, өркениет пен мәдениет туралы таңдамалы нақыл сөздері мен ой толғаныстары топтастырылған. Қойын кітап үлгісінде үш тілде қатар жарық көрді, бұл жинақ «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыру барысында жастарға бағыт беретін бағдаршы болмақ.
  • Елбасы жас ұрпаққа айрықша үміт артады. Елдің ертеңі осылар деп қарайды. Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуін осы ұрпақпен тікелей байланыстырады. Жастар – елдің болашағы. Ертеңгі күннің жарқындығы, сәулелі болуы соларға байланысты. Ұрпақтар сабақтастығы – тарихи процесс, обьективті құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Н.Назарбаев жастарға «Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар, тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысында көремін, – дейді. Тұлға болу дегеніміз – жауапты болу деген сөз, яғни өмірде ата-анаң, Отанның алдында жауапкершілікті сезініп, өз ісіңе мұқият болу деген сөз. Ол үшін ағынмен жүзе бермей, белсенді болу қажет. Өзіңнің көздеген мақсатың, алға қойған межең болуға тиіс. Сол межені алуға күш-жігеріңді жұмылдырып, қайрат көрсетуің керек-деп әрдайым жастарға үндеу айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет