Зерттеу жұмысының өзектілігі


Ағылшын тілін оқытуда Power Point презентацияларды қолдану әдістемесі



бет20/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ДР нов файл

2.6 Ағылшын тілін оқытуда Power Point презентацияларды қолдану әдістемесі

Қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауы, адам әрекетінің барлық саласындағы керекті ақпаратты алудың маңызды құралы болып келе жатқанының ең негізгі міндеті - өскелең ұрпақты бұл ақпараттық әлемде өмңр сүруге үйрету болып табылады. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру тілдік құзыретті мен мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға зор мүмкіндіктер береді


Қазақстандық білім реформасы оқыту үрдісін ұйымдастыруына жаңа талаптар ұсынып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті жолдауында көрсетілген «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобаның жүзеге асырылуы ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістерін талап етеді.: оны бастауыш сыныптан бастап жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқыту.
Ақпараттық технологияларды ағылшын тілі саласындағы білім мен білікті үйлестіре қолдану білім алушыларға еліміздегі және әлемдегі қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туралы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді, және де әлеуметтік адаптацияға сәтті әсерін тигізеді.
Берілген дипломдық жұмыстың қарастыратын маңызды мәселелерінің бірі Power Point бағдарламасы арқылы жасалған электронды презентацияларды ағылшын тілін оқыту үрдісінде қолдану әдістемесі болып табылады. Бұл электрондық презентациялардың оқыту үрдісіндегі маңызы мұғалімнің студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың ұйымдастырылуын түрлендіру болып табылады.
Power Point-ті қолданылу өткен заманның сабақ жоспарларын жаңартуға және мұғалім оның ресурстарын дұрыс қолданса ғана студенттердің пәнді меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді. Оқыту тәжірибесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу оқытушының ағылшын тілін оқыту әдістемесі саласында кәсіптік құзыреттілігін дамытады және ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттырады.
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану ақпаратты ұсынудың жаңа тәсілдері арқылы оқытудың көрнекілік принципінің мазмұнын байытады.
Презентацияларда иллюстрациялық материал мен Flash анимацияларын кеңінен қолдану жаңа лексиканы туған тілге аудармай-ақ жеңіл әрі түсінікті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Жаңа лексикалық бірліктерді енгізуде тиімді жолдарды ұқыпты таңдау қажет. Жаңа сөздермен таныстыру этапы оларды бөлек-бөлек слайдтарда берілген лексикалық материалдың фонетикалық жағынан дыбыстық сүйемелдеумен беріледі. Бұл өз ретінде білім алушыларға бірнеше рет күрделі лексикалық бірліктерді диктордың соңынан қайталауды жүзеге асыруға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, берілген сөздің графикалық бейнесі мен дыбыстық бейнесін қалыптастыруға да мүмкіндік береді. Жаңа сөздерді таныстырудың бұл жолы әр студенттің өзіндік ерекшеліктерін, мысалы есту және көру қабілеті жақсы дамығандығын ескеруге көмектеседі.
Бұдан кейін әр лексикалық бірліктің мағынасы ашылып, олардың сөз тіркестерінде немесе сөйлемдерде қолданылуына мысалдар беріледі. Көптеген оқытушылар өздерінің презентацияларында лексиканың семантизациясының көп таралған әдісі – нақты нәрселерді түсіндіргенде сәйкес суреттерді көрсету тәсілі қолданады.
Күрделі грамматикалық құбылыстарды түсіндіру студенттердің грамматикалық құрылымдар мен формаларын меңгерудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қызықты саяхатқа айналады. Сын есімнің салыстырмалы шырайларын меңгерудің өзі студенттердің қызығушылығы мен жаңаға деген ынтасына сүйене отырып тиімді болып келеді.
Power Point презентацияларын артикль немесе предлогтарды қолдануда жаттығулар жасау этапында қолдану студенттердің дайындық деңгейін және берілген тақырыптарға сай жасалынатын тесттердің орындалу сапасының жоғары болуына өз әсерін тигізеді. Соның ішінде бірнеше рет оқыту жағдаяттары мен интерактивті көрнекіліктерді қайталатып беру білімді меңгерудің беріктік принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мультимедиялық технологияларды қолдану оқыту материалдарын жете меңгеруге, қателер санының азаюына және материалды меңгеру уақытының кемуіне септігін тигізеді.
Тәжірибеде грамматика ережелерін еске сақтаудың тиімді тәсілі белгілі тақырыпқа байланысты грамматикалық жаттығулар болып табылады. Бұл жаттығулардың әр слайды көптеген мүмкін деген жауаптары бар бір тапсырмадан тұрады.
Белгілі бір жауақа студент тышқанның курсорын жақындатқанда өзінің берген жауабының дұрыс немес дұрыс еместігін біліп, сонымен қатар қате жауап берілген кезде түсіндірме материалдар шығады. Жаттығу тесттерін жиі орындау тек сабақта емес, сонымен қатар үйде де жүзеге асырылады.
Электронды презентацияларда студенттердің ағылшын тіліндегі негізгі дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Соның ішінде тыңдау ағылшын тілін оқытуда өте күшті әдістердің бірі болып табылады. Бұл тілдік әрекеттің түрі тілдің дыбыстық жағын, оның фонемдік құрылымы мен интонациясын меңгеруге мүмкіндік береді. Тыңдау арқылы тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымын меңгеру белсенді түрде жүреді.
Тұрақты түрде осы тілдік әрекеттің түрі бойынша жаттығу тапсырмаларын орындау нәтижесінде студенттерде логикалық ойлау және анализ, синтез, дедукция, индукция, салыстыру, нақтылау сияқты күрделі операцияларды орындау қабілеті дами түседі. Берілген жастық категорияда ағылшын тілін оқытуда тыңдау аспектісі үшін тақырыптық диалогтар, қысқа мәтіндер, өлең шумақтары мен әндер ұсынылады.
Тыңдау жаттығуларын жүргізуде материалды таңдау сабақ тақырыбына негізделген және студенттердің жастық ерекшеліктері мен олардың қызығушылықтарына бағытталған. Тыңдауға белгілі бір лексикамен, грамматикамен жұмыстан кейін мәтіндер ұсынған өте маңызды, өйткені оқыту үрдісі лексикалық, грамматикалық және сөйлеу дағдыларына негізделеді.
Тыңдау алдында студенттер мәтін мазмұны туралы өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Мысалы, оның мәтін тақырыбына орай немесе мәтінге берілген сурет элементтеріне диалог құру арқылы. Сонымен қатар, студенттердің алдына олардың зейін тыңдалынып жатқан мәтіннің мазмұнына қоюға мүмкіндік беретін бірнеше сұрақтар ұсынылады. Бұндай әдіс тыңдау барысында алынып отырған ақпаратты меңгеру деңгейін анықтап бақылап отыруға көмектеседі.
Сабақ барысында әуен мен балаларға арналған әндерді қолдану студенттердің шаршағанын басып, күшті эмоционалдық сергектік береді. Әндік материал таза ауызекі тілден тұрады. Ағылшын тілін оқытуда ең алғашқы кезеңнен бастап аутентикалық ән мәтіндеріне үйреткен өте тиімді, өйткені осы арқылы тіл меңгеру үрдісі өте тез жүреді. Сонымен қатар, білім алушылардың өзге тілдегі сөздерді тез меңгеріп, олардың коммуникативті құзыреттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Power Point режимінде тыңдауға оқытудың техникалық артықшылығын атап өтпеу мүмкін емес. Өйткені, ол оқытушыға уақыт пен күш жұмсамай-ақ бұл үрдісті бірнеше рет қайталап өткізуге болады. Одан басқа оқытушы әр сабақ сайын тақтаны безендіруден құтылады. Тыңдауға дайындықтың барлық этапы, сонымен қатар, тыңдау үшін арналған материал бір ғана слайд бетінде белгілі бір басу түймелері мен қосымша анимация эффектілері бар сөзтіркестері дыбыстық сүйемелдеумен ұйымдастырылады.
Электрондық кеңейтілуде берілген материал дыбыстық және видеолық сүйемелдеу мен анимация эффектілерінің есебінен қарапайым оқулықтардың мүмкіндіктерін көтереді. Компьютермен жұмыс барысында оқушыларда есту және көру арқылы қабылдау каналдары белсенді түрде жұмыс істей бастайды. Бұл арқылы берілген ақпарат көлемін арттырып қана қоймай, сонымен қатар оны меңгеру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Берілген оқулық материалының мазмұны әр оқушының дамуына септігін тигізетін, сонымен қатар оның жеке білім алу траекториясын құруға жағдай жасайтын оқуға деген дайындық деңгейі әртүрлі студенттердің жеке ерекшеліктерін есепке алу принципін тірек етеді.
Әлеуметтік мәдени құзырет қазіргі көп мәдени әлемде өмір сүру мен қарым-қатынас жасау дайындығы мен қабілетін болжайды. Әлеуметтік мәдени құзыретті қалыптастыруда ең бастысы ағылшын тілінде сөйлейтін халықтың елі мен туған елінің мәдениет зерттеу болып табылады. Осыған орай тілдік елтанушылық бағыттағы презентациялар блогында көбіне мәтін мен иллюстрация түріндегі ақпараттарды жинауға, оларды жүйелі ретімен эстетикалық тұрғыда ұйымдастырылуына көңіл бөлінеді.
Материалды осы бағытта ұйымдастыру студенттерге тек АҚШ пен Ұлыбританияның тарихи дамуының кезеңдеріндегі оқиғалар мен адамдар туралы көзқарас қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар сабақта орнаған әлеуметтік мәдени ортаға толықтай енуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мәдени құзырет коммуникативті құзыреттің маңызды бөлігі және қазіргі заманғы адамның ажырамас ерекше белгісі болып табылады. Өзге мәдениетке, дінге, тілге және де өзге адамдардың көзқарасына деген сыйластық пен толеранттылық қазіргі әлемдегі сөзсіз құндылыққа айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет