Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет22/24
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144386
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ДР нов файл

-Екінші шарт ақпараттық технологияларды қолданудың жалпы бағыттары мен ғылыми-әдістемелік тұғырларын сәйкестендірудегі іс-әрекеттерді шығармашылықпен үйлестіру.
Жаңа білім парадигмасы бойынша бірінші орынға баланың білім, білік дағдыларын емес, оның түлғасын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Мұнын негізі ретінде ағылшын мақалын айтуға болады ”There are two things we can give our children”, ”One is roats,the other one is wings”. Шындығында, адам баласы аяғына нық тұру үшін,оған тамыр мен қанат қажет.
Қазіргі жағдайдағы негізгі мәселе-оқушының өзінің жеке білімін шығармашылық жұмыс арқылы байқауы және оған жаңа ойларды қосуы. Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Студенттерді шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуға әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет-студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту үшін еңбек ету.
Ақпараттық технологияларын тиімді пайдалана отырып, өз сабақтарымды студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатына жетуге бағыттаймын. Мысалы: әр сабақта студенттерға жоспарлы тақырыптарға сай тіл жаттықтыру үшін фонетикалық жаттығулар ретінде шағын тақпақ, өлеңдер, мақалдарды тыңдатып, қайталатамын. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіргенде заттың сурет көрнекілігі қолданылады. Жаңа сөздерді сөйлемдерде қолдану жолдарын түрлі әдістер арқылы қарастырамын. Мысалы: ”адасқан сөздер”, ”қосымшасын тап”, ”мәтін құра”, ”әңгіме құра”, ”әңгімені аяқта”, ”сөздердің антонимын тап” т.б. Мұндай тапсырмалар студенттерді ойландыру,іздендіру,сол арқылы өз бетінше еңбектеніп оқуға баулиды.
Сөз байлығы молайса, ой қабілеті шынықса, білім көлемдері де артады,тереңдейді және сапалы болады. Шығармашылық жазба жұмыстары - тіл дамыту жолдарының бір түрі. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты - логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық, қиялды, нақты нәрсені еркін қызықты түрде беруге қалыптастырады.
Осыған орай, ой-толғау түрінде студенттерға түрлі тақырыптарда тапсырма беремін. Мәтінмен жұмыс - маңызды жұмыс. Кейбір тақырыптарға студенттердің өздеріне жоспар жасату,сұрақтарға жауап боларлық сөйлемдерді мәтіннен іздеп тапқызу, мәтіннің ішінен кейбір негізгі ойлар мен кейіпкерлерге мінездеме боларлық жерлерін теріп оқыту жұмыстарын жүргіземін.
Баланы ізденушілікке баулу оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Осыған орай, студенттерге белгілі бір тақырыпқа реферат жазуға, жобалау тапсырмаларын беруге болады. Тапсырма бойынша оқушы кітаптардан, интернеттен керек мәліметтерді іздеп, тауып, қысқаша мазмұнын ағылшын тілінде айтып береді. Студенттерге мұндай жұмыстар ұнайды. Бұл шығармашылық жұмыс болып табылады. Студенттердің шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруымыз керек.
Шәкірттер білімінің сапалы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеп, біліктіліктері мен дағдыларын іскерлікпен дамытуға байланысты. Студенттердің өз бетінше, дербес ізденуіне жол ашатын, қызығушылығын, белсенділігін дамытатын технологиялардың бірі - ақпараттық технология. Шығармашылық жазу, мәтінмен жұмыс жасау, жобалау, суреттеу, сипаттау, қиялдау, өз ойын еркін жеткізе білу тәрізді шығармашылық жұмыстарды орындау деңгейлері байқауға алынды.
Сонымен, мәтінмен жұмыс, жобалау сияқты шығармашылық-ізденіс жұмыс түрлері бойынша студенттер жоғары нәтиже көрсете білсе, сондай-ақ суреттеу, сипаттау, қиялдау, шығармашылық жазу және өз ойын еркін жеткізе білуі сияқты жұмыс түрлері бойынша студенттер орта және жақсы нәтиже көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет