Қорқор құрамында никотин бар ма??
Қорқор құрамында никотин барма? Деген сұрақтар жиі қойылады. Әрине бар. Кез келген табак құрамында никотин болады, айырмашылығы тек оның мөлшерінде. Көріп отырғанымыздай қорқорға арналған табак құрамында никотин мөлшері 0,05%- 0,5%, яғни 10 есеге жуық.
Қорқор түтінінің құрамы
Ағылшын тілді Википедияның мәліметі бойынша, қорқор түтіні табактың, көмірдің және оның құрамына кіретін ароматизаторлардың жануынан пайда болатын улы химиялық заттардан тұрады.
Қорқор түтінінің химиялық құрамы төмендегідей заттардан тұрады:
нитрозаминдар,
полициклді ароматты көмірсулар (ПАК, мысалы, бензопирен және антрацен),
Альдегидтер (мысалы, формальдегид, ацетальдегид, акролеин),
бензол,
азот оксиді,
ауыр металдар (мышьяк, хром, свинец)
көміртегі оксиді (СО)
Сонымен бірге, қорқор түтінінің құрамында табактың бықсуы барысында пайда болатын су тамшылары және бу болады.
Қорқор түтінінің негізгі құрамдас бөлігі ол- тұншықтырғыш газ.
Достарыңызбен бөлісу: |