Қорқордың химиялық құрамы
Қазіргі таңда көптеген адамдар қорқорды көңіл көтерудің жақсы жолы деп біледі. Алайда бұлайша көңіл көтерудің қаншалықты зиянды екенінен бейхабар. Қорқорға арналған табактың сыртына әдетте, 0,5 пайыз никотин және 0 пайыз смол бар деп жазылады, бұл жалған. Олардың жарнамалары аттандап, қорқор зиянсыз, оның денсаулыққа тигізер кері әсері жоқ деп тұрады.
Шындығына келер болсақ, табактың қандай түрін алып қарасақ та, олардың барлығында жүйкені улайтын никотин болады. Ол ағзаның қандай көлемде табак шеккенін есептеп тұрады. Никотин шегетін ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін, адамға 20-80 минут қорқор тартуға тура келеді.
Кальян құрамында «тұншықтырғыш» газ. 1000 мл кальян түтінінде 1,79 мг СО болады. 1 ыдысқа дайындалған кальянды шамамен 100 ретке жуық соруға болады. Нәтижесінде 179 мг СО жұтылады, ал өз кезегінде 1 сигаретаны шеккендегі СО мөлшері 11,66мг.
Қорқор – бұл улардың, қарамайдың, канцерогендер мен бактериялардың өте зиянды қоспаларын адам ағзасына тез жеткізетін «сәнді» аппарат. Қорқор түтінінің улылығы сигарет түтінінен бірнеше есе жоғары, оның құрамында қара май мөлшері – 36 есе, көміртек монототығы – 30 есе, улы иісті газ – 8,4 есе, никотин -7,5 есе жоғары.
Кальянның орташа дозасын тартқаннан кейін зәрдегі никотиннің мөлшері 73, котинин -4, ұйқы безімен өкпе рагын тудыратын нитрозаминдер-2 есеге, сонымен бірге тыныс алу жолының әртүрлі ауруларын тудыратын бензолмен акролеиннің ыдырау өнімдерінің де деңгейі артқан.
Сонымен қорқорға арналған табактың негізгі құрамдас бөліктері:
Табак жапырақтары
Қантты сироп
Глицерин (табак түтінінің қою болуына әсер етеді)
Консерванттар
Ароматизаторлар
Достарыңызбен бөлісу: |