Зерттеу жұмыстарының дайындық кезеңі
Әдіснаманың әдіснамалық білімнің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау үшін, әдіснаманың бірнеше деңгейлерін ажырату қажет. Олардың алғашқысының мазмұны – философиялық білімдер. Екінші деңгей – жалпы ғылымилық әдіснама (жүйелілік тәсіл, әрекеттік тәсіл, ғылыми зерттеулердің әр түрлі типтеріне сипаттама, олардың кезеңдері мен элементтері: болжам, зерттеудің объектісі мен пәні, мақсаты, міндеттері және т.б.). Үшінші деңгей – нақты пәнде, мысалы, педагогикада қолданылатын зерттеудің әдістерінің, ұстанымдарының және тәсілдерінің жиынтығы. Арнайы ғылымның әдіснамасы осы саладағы ғылыми танымға тән мәселелерді (мысалы, педагогика мен психологияның ара қатысы), сондай-ақ, алдыңғы деңгейге қатысты, мысалы, жүйелілік тұрғыда немесе модельдеуді педагогикаға қолдану сияқты сұрақтарды да қамтиды.
Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр - әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес.
Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.
Осы анықтамаларда және айырмашылықтарда, сонымен қатар, әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы процестер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу. Олардың біріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты.
Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін. Мұғалім балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін практикалық мақсатпен сабақтар жүргізеді. Егер ол осы сыныпта қандай тәсілдер пайдалануға, осы жағдайларда өта жақсы нәтижеге жетуге болатыны туралы білім алса, - бұл әзірге ғылым емес. Мұндай білім стихиялы-эмпирикалық. Ал егер ғылыми танымдық деңгейде мақсат қойылса, яғни ғылыми негізделген оқыту әдісінің немесе өзіндік жұмыстың тәрбиелік қызметі түрлерінің тиімділігін анықтау сияқты мақсат қойылса, бұл танымдық мақсат болады да, алынған білім педагогика ғылымының қорына енеді.
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Бұл кітапты педагогика ғылымы объектісін педагогикалық әсер объектісіне, яғни балаға теңдеудің шындыққа үйлеспейтіні жайлы айтылған.
Біздің ғылымның объектісі онда білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі деп анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр ретте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Мысалы, оқушыларды шетел тілінде жағдаятты сөйлеуге үйрету зерттеу объектісі болады, ал жағдаятты сөйлеу зерттеу объектісі бола алмайды. Немесе, оқушылардың өздері зерттеу объектісі емес, кіші жастағы оқушыларда оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдердің гуманистік қарым-қатынастар қалыптастыру зерттеу объектісі болып табылады.
Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану. Мұғалім практикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, материалдық құралдарын: компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т.б. әдістерін қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі – терминологиялық бір мәнділігі. Бұл ғылыми танымға қойылатын міндетті талап. Әрине, бүкіл ғылымды зорлықпен, бұйрықпен бірмәнділікке әкелу мүмкін емес. Оның дамуы барысында түсініктер мазмұны үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үрдіс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақаланың шеңберінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және аяғына дейін соны басшылыққа алуға тиіс. Арнайы ескертпейінше, тенрминді әр түрлі мағынада қолдануға оның құқығы жоқ.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы объектісінің бөлініп қаралануы, танымның арнайы объектісінің бөлініп қаралануы, танымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділігі сияқты белгілері бойынша анықталады.
Қазіргі әдебиетте ғылыми-зерттеу әрекетін құрудың ұстанымдары, түрлері және тәсілдері туралы ілім ретіндегі ғылыми танымның әдіснамасы туралы сөз болып отыр. Әдіснама туралы пайымдаулардың анық болмауы педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа анықтамаларын педагогикалық болмысқа көшіруден туындап отыр.
Ғылымның осы саласындағы өзгерістердің сипатын түсіну үшін ғылыми таным әдіснамасы дамуының жалпы барысын қарастыру қажет. Өткен ғасырдың өзінде зерттеуші алған нәтижесін өзі негіздеуі керек еді. Одан бұл нәтиженің білімнің осы саласында қабылданған ережеге сай екенін және оның ғылымның кеңірек жүйесіне қалай енетіні көрсетілуі талап етілді. Қазіргі уақытта бұл зерттеу логикасын, болшақтағы нәтижені және бұл нәтижені алу тәсілін белгілеу керек.
Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр - әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес.
Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.
Бірақ әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана керек емес. Жалпы мағынада алғанда, әдіснамалық мәдениет – қажетті бөлігі рефлексия болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қандай керек болса, практикаға да сондай қажет. Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлексиясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды.
Ғылым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық – біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.
Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз – ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу. Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру; педагогикалық міндеттерді сезіну, даярлау және шығармашылықпен шешу; әдістемелік рефлексия. Бұл құрамдас бөліктер мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оның шығармашылық тұлғасын сипаттайды.
Бірақ ғалым мен мұғалім арасында бұл ретте өтілмейтін жиек жоқ. Жалпы екеуіне де педагогика саласындағы интеллектуалдық міндеттерді шешу ортақ болып табылады, ол үшін мәселені көре білу және оны фактілік материалмен сәйкестендіру болжам жасау және оны іске асыру нәтижелерін ойластырып көру, егер осылай болса, не болар еді деп, міндеттерді шешу жолдарын бірізді қадамдарға бөле білу іскерліктері қажет. Бұл ретте мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің ең маңызды белгісі – өз жұмысын талдау және жетілдіру үшін ғылыми‑педагогикалық білімдерді пайдаланып көруі және қолдана білуі. Әдіснамалық сауаттылық – бұл жемісті жұмыстың алғышарты. Мұғалім өзі педагогика ғылымы мен практикасының қандай байланыста, бұл байланыста педагогтың орны қандай, оның практикалық жұмысында зерттеу әдістері қандай орын алатынын біліп алуы қажет. Әдіснамалық мәдениеттің басқа элементтеріне міндеттерді сезіну және оларды шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлексия (өз жұмысын ғылым тұрғысынан ойластыра алу) және оқу‑тәрбие үрдісін жобалай алу жатады. Егер әрбір педагогтың, зертеушінің және практиктің жетістігі ретіндегі әдіснамалық мәдениетті емес, бүкіл педагогиканың әдіснамасы деп аталатын ғылыми саланы алсақ (әдіснаманың үшінші деңгейі), ғылымдағы көп жылғы талқылаулардан, пікірталастардан және нақты зерттеулік жазбалардан соң, біз мынадай анықтаманы беруімізге болады: педагогиканың әдіснамасы дегеніміз – педагогиканың теориялық негізлері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді алу тәсілдері мен зерттеу жұмысының сапасын бағалаудың бағдарламаларын, логикасын және әдістерін негіздеудің ұстанымдары туралы білімдер жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |