Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
Қарама–қарсы сұрақтар
1.Тұқымды өсімдіктер неше бөлімнен тұрады? (2 бөлімнен: ашық тұқымдылар (тұқыммен көбейеді, жеміс түзбейді) және жабық тұқымдылар (тұқымы жемістің ішінде))
2.Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасса қандай өсімдіктер деп аталады? (ашық тұқымды өсімдіктер)
3.Ашық тұқымды өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқыммен көбейеді)
4.Ашық тұқымды өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар)
5.Ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі қалай аталады? (сүрек)
6.Ашық тұқымды өсімдіктердің ең көп таралған түрлері (қылқан жапырақты өсімдіктер)
7.Қылқан жапырақты өсімдіктердің бұлай аталу себебі неде? (себебі, жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір)
8.Қылқан жапырақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады? (қарағай, шырша, самырсын, арша)
9.Жер ғаламшарында қанша қылқан жапырақты өсімдіктер бар? (600-ге тарта)
10.Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? (жарық сүйгіш, діңі жуан, ашық далалы жерлерде өсетін өсімдік)
11.Қылқан жапырақтылар қандай тамырлы? (кіндік тамырлы, одан жанама тамырлар тарайды)
12.Ұсақ тамыршаларда не түзіледі? (микориза түзіледі)
13.Ағаш сабағы қалай аталады? (дің)
14.Ағаштың қабығы, сүрегі, өзегі қайда болады? (діңінде)
15.Қылқан жапырақтылардың ерекшелігі неде? (көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады?)
16.Қарағай бұтағының бүрлері қайда орналасқан? (жас өркеннің ұшында)
17.Бүрлер жыл мезгілінің қай кезінде пайда болады? (көктемде пайда болады)
18.Аналық бүр неден тұрады? (өзекше мен тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады)
19.Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер қандай бүрлер? (аталық бүрлер)
20.Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасса қалай аталады? (бірүйлі өсімдік деп аталады)
21.Қоректендіруші ұлпа қайда пайда болады? (тұқымбүршікте, яғни эндоспермде)
22.Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш зат қалай аталады? (фитонцид (грекше «фитон» - өсімдік+латынша «сэдере» - өлтіру))
23.Ашық тұқымдылар неше миллион жылдай тіршілік еткен өсімдіктер? (220 млн жылдан астам)
24.Ашық тұқымды өсімдіктерді адам өмірінде қалай пайдаланады? (құрылыс материалына, қағаз дайындауға)
25.Топырақтың ең құнарлы бөлігінің бүлінуі қалай аталады? (эрозия – жегідей жеу, бүлдіру)
|