Зерттеу нысанындағы оқушы және сынып оқушыларының білім сапасының мониторингі
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтық сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады.
Сабағымда оқушылар арасындағы берік ынтымақтастықты орнату мақсатымен топ ережесін құрғыздым. Әр топ өз мақсаттары мен міндеттерінің қандай ережеге бағынатындықтарын бірлесе анықтап, осылайша олар өздерінің бір ұжым екендігіне көз жеткізді.
Оқушыларға стикер таңдату арқылы топтарға бөліп алдым.
1-тапсырмада Нан» өлеңі бойынша проблемалық сұрақтар қою арқылы өтілген тақырыпты қорытындылаттым.
І топқа: Осы өлеңнен наның қандай қасиетін білдің?
ІІ топқа: Нанды неге ас атасы дейміз себеп.
ІІІ топқа: Қандай нан өнімдерін білесің?.
Осы тапсырмаларға жауап алу мақсатында оқушылар мен мұғалім арасында, сұрақтарды талқылау барысында оқушы мен оқушы арасында диалог әдісі жүзеге асты.
1 топтың оқушысы Алихан өз тобының тапсырмасын аша алмағандықтан оған 3 топтан Козмина Катя көмектесіп, жауапты толықтырды. 2 топтан Закиров Рувимның жауабын өз тобынан Ержан Арман толықтырды.Топтарда қызу диалог жүрді.2топтан Масимжанов Радмир Д өз топтарына ұнаған өлең шумақтарын жатқа оқып берді.2 топтан Абдураймова Аружан нан туралы, еліміздің нан Отаны екені туралы өз салыстыруын әңгімелеп берді.
Жаңа тақырып барысында да диалог әдісі жүріп отырды. Топтардың өздеріне берілген тапсырмаларына сәйкес топтар бір-бірлерімен диалог өткізіп, тапсырмаларға дайындалды.Әсіресе 2 топтарға берілген мәтіндегі бауырсақ пен нан диалогын оқушылар оқу арқылы, көрініс қылып көрсету арқылы жақсы жеткізе алды.
Мерсер мен Ходжкинсон (2008) диалогтық оқыту туралы зерттеулерін Барнстың ертеректегі жұмысына негіздей құрып, білім беру барысындағы диалогтың рөліне назар аударады. Олар, сыныптағы бірлескен сұхбат оқушыларға үлкен пайда әкеледі деп мына дәлелдемелерді келтіреді:
-оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
-басқа адамдарда түрлі идеялардың болуы өзге оқушылардың түсінігіне көмектеседі;
-оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 38-39 бет) дегендей, оқушылар осы диалог бойынша әңгіменің негізгі идеясын түсінді.
Сабақты бекіту мақсатында топтарға бекіту сұрақтарын (3-тапсырма) бердім.
І топқа: Нан болса ән де, болады?Дастарханға нан қалай келеді?
ІІ топқа: Нанның түрлері,
Сұрақтарға жауап алу кезінде диалогтық оқыту жүзеге асып отырды. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы, бірі-бірлерін толықтыру немесе түсінбеген жерлерін қайта сұрау арқылы сыныпта ынтымақтастық диалогтық қатынастың орнауының бір көрінісі болып табылады.
Келесі тақырыпта да диалогтың алар орны ерекше болды. Өйткені 1-тапсырмадан бастап берілген тапсырмаларда диалогтық оқыту әдісі жүріп отырды.Мысалы:
Топтарға өтілген әңгіменің сюжеті бойынша тапсырмалар (ресурс) беремін. Топтар сол тапсырма бойынша постер қорғайды.
І топқа: Егіс алқабы.
ІІ топқа: Нан түрлерінен дастархан мәзірі,
ІІІ топқа: Адам еңбегі,
1-топтан, Козмина Катя 2- топтан Семенов Роман 3-топтан Агурев Миша өз топтарының постерларын қорғады.
2-тапсырма
Әр топқа тапсырма беремін (ресурс)
Ітопқа: Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
ІІ топқа:Әңгімені талдау.
ІІІ топқа: Кейіпкерлерге мінездеме
Бұл тапсырма барысында да диалогты оқыту жүріп отырды.
Александер(2004) оқытудағы әңгімелесу–қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 40-бет). Диалогтық оқуда қолданылатын әңгімелесудің үш түрі/әңгіме-дебат, топтық әңгіме,зерттеушілік әңгіме/ болады. Мұғалім ретінде мен зерттеушілік әңгімені қолдансам оқушылар әңгіме-дебат пен топтық әңгімені қолданды.
3-тапсырма
Шағын де
Супермаркетте» тақырыбында супермаркетті жақтаушы және даттаушы топ болып пікір таластырады.
І-ІІ топтар - Азизхан
ІІІ- Дарья бағалайды
Осы шағын дебатта диалог өте жақсы ашылды.Оқушылар бір- бірлерімен қызу пікірталастырып, өз топтары арасында диалог жүргізді. Топтар арасындағы диалог та жүзеге асты.
4-тапсырма
Оқушылар эссе жазады.
- Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын бірден түсінуі қажет.
- Қабылдаушы бірден аяқ асты жауап беруі тиіс.
-Сөйлеу барысында қабылдаушы тыңдалым мен айтылым әрекетін бір-бірімен сабақтастыра меңгеру керек.
- Монологтық сөйлесу барысында қабылдаушы баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын саналы түрде ұғынып, оны логикалық жүйелілікпен айтуы керек.
Мәтін арқылы оқушылардың мынадай іскерліктері қалыптасады:
- белгілі бір тақырыпқа өз көзқарасын білдіреді
- белгілі бір тақырып бойынша ақпарат береді
- сөз тіркесі мен сөйлем құрай білу дағдылары қалыптасады
- сөйлеу тілін байытады
- сөздік қорын байытады
- нақты, дәл, анық жауап беруге үйретеді
- әдеби тіл нормасында сөйлеуге дағдыландырады
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулінің сыныптағы дилог әдісін 2-тапсырмада Ітопқа «Мен нан дүкеніндемін» әңгімесіндегі сатушы мен Айнұрдың диалогы бойынша көрініс көрсету Оқушылар топтарымен ақылдаса отырып, рольдерді бөліп дайындалып, тақтаға шығып көрініс көрсетті.Әсіресе 1топтан Асылбек пен Алинұр сатушы мен Айнұрдың диалогын өте жақсы орындап шықты. АКТ қолдана отырып «Астық» кинофильмін көрсетіп болғаннан кейін оқушыларға сұрақтар қою арқылы «Дән», «Нан пісіру» туралы диалог жүргіздім.Бұл сұрақтардан оқушылардың мәтінді толық түсінгенін байқадым.
3-тапсырмада «Кубизм» стратегиясын қолдандым.Оқушыларға кубик беріледі. Олар оны лақтырып, өздеріне түскен тапсырманы орындайды.
1.Зерттеңіз.
Мәтіннің мазмұны не туралы? Нан қалай деп аталған?
2.Талдаңыз.
сын есімді сөйлемдерді табыңыз.» Абылай мәтінен мақалды,сөйлемдерді оқып, мағынансын түсіндіріп өтті. «Дәлелдеңіз» тапсырмасын барлық топтың оқушылары бірігіп отырып орындады.Бұл кезде мұғалім мен оқушы арасындағы диалог жүзеге асты.
Оқу үрдісіндегі диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылатыны сөзсіз (Мерсер, 2000) (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 40 бет). Өйткені топпен жұмыс барысында байқағаным, «қабілеті төмен» деңгейлі оқушылардың басқа деңгейлі оқушылармен бірдей пікірталасқа түсіп, өз ойын ортаға салып, өзге топ мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, белсенділік танытуы.
Бастапқыда сабақтың барысында диалогтық оқытуды ұйымдастыруда біршама қиыншылықтар кездесіп жатты.Мысалы:
- уақытымды жеткізе алмау;
- фармативті, суммативті бағалауларды қатар жүргізе алмауым.
- оқушыларымның кей уақыттарда шығармашылықпен жұмыс істей алмауы.
Осыған орай болашақтағы әрекетім қандай болмақ деген сұраққа жауап іздестіріп:
- диалогтық оқытуды қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде қатар жүргізу;
- мәселелік сұрақтарды көбірек алу;
- оқушының ашылуына, өз –өзін көрсетуіне диалогтық оқыту әдістерін қолдана отырып мүмкіншілік жасау.
- Сұрақтарды дұрыс қоюды үйрету және өзім де дұрыс сұрақтар қою
- Не нәрсеге тек бағыт - бағдар беруді және ойларын сыртқа шығаруға,
пікір айтуға, ой қорытуға мүмкіндік жасау-деген ойға келдім.
Диалогтық сұхбаттасу мұғалімге де, оқушыға да білім алу үшін үлкен үлес қосатын өзара іс- қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі.
Қорыта айтқанда, диалогтық педагогика - балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы деп тұжырымдайды ғалымдар.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Ал Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,42бет) Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше деп білемін. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен білімдерін арттыруда диалогтық оқытудың орны ерекше. Сыныптағы оқушыларды зерттей келе түйгенім :Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артуы. Бағалау парақшаларына бір-біріне баға қою және нашар оқитын оқушылардың үлгерімінің 2-3 сатыға азда болса көтерілуі менің жетістігім. Оқушылардың тоқсандық үлгерім, білім сапасының мониторингісін жасадым
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші деңгей) 2012 жыл
3. Интернет материалдары: www.Google.kz, bilimsite@yandex.kz
Достарыңызбен бөлісу: |