Аграрлы елдердің шаруашылық құрылымы. Ауылшаруашылығы өндірісі мен отын, шикізат экспортына тәуелді болуы дамушы елдердегі мәселелердін бірі болып табылады. дамушы елдерде ауылшаруашылығы өндірісінің өнімділігі төмен. Бұл елдерде шаруашылық өнімі төмен, мұны артта қалған технологияларды пайдалану, қаржының жетіспеуі, жұмыс
күші сапасының төмендігімен түсіндіруге болады. Аграрлы елдердің нағыз үлгісі ретінде Сомали мен Съерра-Леонені атауға болады. Мұнда ауылшаруашылығы ЖІӨ-нің 60%-дан астамын береді.
Аграрлы-шикізатты елдердің шаруашылық құрылымы. Шикізатпен отын ресурстарының экспорты дамушы елдердегі табыс көздерінің бірі болып отыр. Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналаскан көптеген елдерінде негізгі валюта түсімін (92%-ға дейін) шикізат экспорты береді.
Аграрлы-шикізатты елдер қатарына Папуа-Жана Гвинея, Алжир. Гвинея, Қырғыз Республикасы мен Кот-д'Ивуарды жатқызуға болады. 2-қосымшаның көмегімен аграрлы-шикізатты елдерді өз беттерінмен анықтау мүмкіндігі бар.
Индустриялық елдердің шаруашылық құрылымы. Бұл топшадағы елдерге шетел инвестициясы мен жоғары технологиялар, арзан жұмыс күші есебінен экономиканың, әсіресе өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуы тән. Индустриялық елдердің басым көпшілігін жаңа индустриялық елдер құрайды. Жаңа индустриялық елдердің екі негізгі даму үлгісі белгілі:
Азиялық үлгі ұлттық экономпканы басым түрде сыртқы нарыққа бағыттау негізінде дамуымен ерекшеленеді;
Латынамерикалық үлгі ұлттық экономиканы импорт алмастырушы бағытта дамытумен сипатталады.
Дамудың азиялық үлгісі тән болатын жаңа индустриялық елдер арасында Малайзия мен Тайланд айрықша көзге түседі.
Постиндустриялық елдердің шаруашылық құрылымы. Постиндустриялық елдерде ғалымдар «жаңа экономика» деп атаған экономикалық феномен қалыптасуда. Оның құрылымына білім беру, ақпараттық-коммуникациялық нарықтар, инновациялар өндірісі, жоғары технологиялар саласы, ақыл-ой қызметтерін көрсету (кеңес беру, маркетинг, талдамалық қызметтер және т.б.) жатады. Жаңа тұрпаттағы экономиканы кейде «ақпараттық экономика» немесе «білім экономикасы» деп те атайды. Аталған елдерде ауылшаруашылығының ЖІӨ-дегі үлес салмағы 2-5%-дан аспайды. Дамыған елдердін көпшілігінде өнеркәсіп үлесі жылдан-жылға қысқарып келеді, қызмет көрсету саласының үлесі 70%-дан асады.
Достарыңызбен бөлісу: |