Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет33/63
Дата22.09.2023
өлшемі1,33 Mb.
#182055
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Мұнай экспорттаушы елдер. Парсы шығанағы елдері, Ливня, Венесуэла және т.б. енетін бұл топшадағы елдерге көп мөлшердегі мұнай экспортынан басқа, жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жоғары болуы, қаржы экспортына бағдарлану, экономика салалары мен әлеуметтік өмірде, тұрмыста жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуі тән болады. Бұл елдерде экономиканың басты саласы қызмет көрсету болып табылады.
Плантациялық шаруашылық елдері. Бұл топшадағы елдерге (Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа. Сальвадор, Доминика Республикасы, Ганти, Гана, Кот-д'Ивуар, Шри-Ланка) агроклиматтық жағдайлардың колайлылығы тән болады. Осының нәтижесінде бұл топтағы елдердің басым көпшілігі плантациялық шаруашылықты қарқынды дамыту арқыиктік дақылдарды дүниежүзілік нарыққа шығаруға маманданған. Елдердің экономикасында шетел қаржысының басымдылығы, елдің даму мүмкіншіліктерінің әлемдік нарықтағы бағаларға тікелей тәуелді болуы, бірқатар елдерде саяси жағдайдың тұрақсыздығы, халықтың әл-ауқатының төмендігі байқалады.
«Жалға пәтер беруші» елдер. Бұл топшаға енетін елдердің (Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам Аралдары, Барбадос, Панама) халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысындаласуы және бірқатарында рекреациялық ресурстардың болуы даму бағыттарын анықтап берген. Бұл елдердің көпшілігінде (Багам Аралдары, Барбадос, Бахрейн, Кипр, Мальта) жергілікті рекреациялық ресурстар мен салық жеңілдіктерін пайдалану негізінде халықаралық туризм орталықтары пайда болған. Бахрейн оффшорлық қаржы орталығын дамыту арқылы араб әлемі ақша айналымында маңызды рөл атқарады. Ал даму денгейі төмен Либерияның ipi табыс көзінің бірі басқа елдердің ел жалауын пайдаланғаны үшін төлейтін салықтары болып табылады.
Даму деңгейі төмен елдер. Бұл топшадағы елдерге экономикалық даму деңгейінің және жан басына шаққандағы табыстың өте төмендігі, табиғи өсудің жоғарылығы, аграрлық сектордың басымдылығы, әлеуметтік жағдайдың нашарлығы тән болады. Аталған топшаға 2018 жылы Мұхит аралдары. Африка, Азияда орналасқан 47 ел енді. Соңғы деректер бойынша бұл елдерде тұратын халық саны 1 млрд.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет