Азиядағы геосаяси кеңістік
Азиядағы геосаяси факторлар. Азиядағы геосаяси кеңістік аса күрделі сипатымен ерекшеленеді. Оған бірнеше факторлар ықпал етеді.
Азияда әлемдегі аумағы, халқының саны жағынан да ірі елдер орналасқан. Жерінің аумағы жөнінен ірі елдер қатарында Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы бар. әлемнің ең алып елі Ресейдің де басым бөлігі Азияда орналасқан. Халық санының көп болуы - елдің саяси ықпалын арттыратын фактордың бірі. АҚШ Халық санағы бюросының 2017 жылғы деректері бойынша әлемдегі халық саны 100 млн адамнан асатын 13 мемлекеттің жетеуі Азияда орналасқан
Азиядағы геосаяси кеңістікке ықпал етеін факторлар
Азияда геосаяси тұрғыдан "салмақты " саяси күштер шоғырланған. Қазіргі кезде әлемде ресми түрде 8 мемлекет ядролық қаруға не екендігін жариялаған. Олардың төртеуі (Қытай, Үндістан, Пәкістан, Корея Халық Демократиялық Республикасы) азиялық елдер, ядролық қуаты жоғары Ресей аумағының да басым көпшілігі осы аймақта жатыр. Бұл әлемдік деңгейде аталған елдердің саяси ықпалын арттырады.
Орталық Азия - Азиядағы аса ірі, стратегиялық жағынан маңызды аймак. Бұл аймакта біздін еліміз, яғни Казакстан да орналаскан. Саясаттанушылар қауіпсіздік тұрғысында Орталық Азия алдында үш басты мәселе тұрғанын атап көрсетеді:
Орталық Азия аумағында қазіргі дүниенің аса ірі геосаяси күштері болып табылатын Ресей, Қытай, Ислам әлемі, сондай-ақ АҚШ-тың стратегиялық мүдделері тоғысқан.
Ресей мен Қытайдың мүдделері шегараларының ортақтығы көптеген салалардағы әріптестікке байланысты. Ал АҚШ үшін Орталық Азия өзінің басты бәсекелестерінің көршілес аймақ ретінде тартымды болады. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелер: Орталық Азия елдерінің экономикалық даму деңгейлерінің әркелкілігі, шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер, шегара маңы жанжалдары, Аймақтың бірқатар елдерінде ішкі ұлтаралық кикілжіңдердің, жікшілдік көріністерінің болуы Ауғанстаннан аймаққа қарулы жасақтардың өтуі, заңсыз есірткі және қару-жарақ саудасының қаупі.
Достарыңызбен бөлісу: |