6. Тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін нұсқа Серіппелер тегіс болуы керек, ал қатаңдық айырмашылықтары 2 есеге жуық болу керек. Серіппелердің ұштарын міндетті түрде қармақ тәрізді етіп майыстырыңыздар. Серіппелерді тізбектеп қосыңыздар. Егер қосылған серіппені созсақ, онда
,
мұндағы және - серіппелердің қатаңдықтарымен сәйкес ұзаруы.
Серіппелердің қатаңдықтарының қатынасы:
Серіппелердің ұзаруын өлшеу үшін бос тұрған серіппелердің ұштарын және олардың қосылған жерлерін қағазға белгілеп алыңыздар. Қосылған нүктесі қозғалмайтындай етіп екі серіппені ұзартыңыздар. Қайтадан серіппелердің ұштарын белгілеңіздер. Серіппелердің ұзаруын салыстырмалы бірліктермен (мысалы, тығыз сығылған бір серіппенің орам санымен) өлшеңіздер.
7. 5–суретте көрсетілгендей етіп эксперимент қондырғысын жинаңыздар.
5–сурет.
Қағаз лентаның екі ұшын ағаш білеуге кнопкалар мен бекітеміз. Білеуді струбцина арқылы үстелдің шетіне бекітіңіздер. Лентаның толық ені біркелкі тартылып тұруын қамтамасыз ету үшін түтікті қағаз тұзаққа кіргізіп қойыңыздар. Динамометр көмегімен жүктеме күшті бақылаңыздар.
Алмазпен қима жасаңыздар. Оның ұзындығын сызғышпен өлшеңіздер. Қағаздағы қима өскенше, жүктеме күшті арттыра
бересіздер. Координаттары және графигін тұрғызыңыздар (6– сурет).
6–сурет.
Бұл графиктен, ізделінген тәуелділік сызықтық емес екендігін, қосымша күштің артуынан кризистік ұзындықтың тез өсетінін көресіздер.