Түйреуіштердің (әртүрлі, бірақ диаметрлері жуық) бастары иілгендерін алу керек, ал инелердің бөлімдері цилиндрлер тәрізді.
Бір түйреуішті сызғыштың ұзын жағына перпендикуляр салып, оны
басқа сызғышпен жауып 10 реттей айналдырыңыздар. Айналымды оңай санау үшін фольгадан жалауша жасап иненің тесігіне іліңіздер. Төменгі сызғыштың астына қойылған қағазға түйреуіштің бастапқы және соңғы орындарын белгілеп алыңыздар. Түйреуішті басқа түйреуішке алмастырып, оны сол арақашықтықта айналдырыңыздар, айналымдарды санаңыздар. Айналыс санының қатынасы диаметрлерінің қатынасына тең.