«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»



бет2/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,01 Mb.
#34181
1   2   3   4   5   6

Глоссарии


Биогеохимия — биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттейтін ғылым саласы, геохимияның бір бөлімі.

Геохимия — Жердің химиялық  құрамын, элементтердің көшу не таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасу мен көшу тәсілдерін зерттейтін ғылым

Тірі организм өз тіршілігінде түрлі химиялық элементтерді бойына сіңіреді, ал ол өлген соң бұл элементтер ыдырайды, шашырайды немесе белгілі бір орынға шоғырланады. 

Жер бетінде тірі организмдер біркелкі тарамаған, кейбір тіршілік ортасында олардың белгілі бір тобы көп жиылады. Бұған мұхиттар мен теңіздердегі планктонқұрлықтағы қалың орман мен шалғындар, ылғалы мол қара топырақты жерлердегі шірінді мен шымтезек, халықтың бір жерде тығыз, бір жерде сирек орналасуы мысал болады.
    1. Тірі заттың негізгі массасы — өсімдіктерде. Олар жерге түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық процестердің қарқыны организмдердің шапшаң көбеюіне байланысты. Тірі дене құрамының негізгі массасы химиялық элементтердің аз ғана тобынан құралады.

    2. Геохимияның салалары - теориялық геохимия, кристаллохимия, жеке элементтер геохимиясы, радиогеология, физикалық геохимия, топогеохимия, биогеохимия сияқты салалары бар. 


Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:

  1. Сидерофильдер [темірге жақындар (Fe, Nі, Co, т.б.)], көбінесе, орталық ядрода орналасқан;

  2. Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu, Zn, Sb, т.б.)] оксидті және сульфидті қабатта кездеседі;

  3. Литофильдер [тас құраушылар (Sі, Mg, Ca, Ba, т.б.)] — силикатты қабатта;

  4. Атмофильдер [ауа құраушылар (Не, Ar, Ne, т.б.)] ауа қабатында жиналады.
    1. Ауа қабатында элементтер - газ немесе жеке элемент түрінде кездеседі. Атомның газ түрінде болуы оның кеңістікте еркін таралуын немесе су мен тас қабаттардағы атомдармен жылдам алмасуын жеңілдетеді. 

    2. Геохимиялық процестер - көбінесе, тропосфера қабатында өтеді. 

    3. Су қабатында элементтер ерітінді түрінде, ал 

    4. Жер қыртысында  минерал, молекула, атом, ерітінді, бу түрінде кездеседі. 

    5. Табиғаттың ластануы - дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз.


Ластандырушы заттарға - тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. 
Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. 
Ластану түрлері - әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: 
• шығу тегі бойынша: 
табиғи және жасанды (антропогенді); 
• пайда болу көзіне байланысты: 
а) өндірістік,
ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; 
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); 
• әсер ететін ауқымына байланысты:
ғаламдық, аймақтық, жергілікті; 
• қоршаған ортаның элеметтері бойынша:
атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.); 
• әсер ететін жеріне байланысты:
химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б); 
• әсер етудің периодтылығына байланысты:
бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); 
• тұрақтылық дәрежесі бойынша:
өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон). 
Ферменттер - тірі организм клеткалары жасап шығаратын барлық химиялық реакциялардың жүрісін тездететін биологиялық катализаторлар.
Жаңа классификация бойынша бізге белгілі ферменттердің барлығы алты класқа бөлінеді.

1. Оксидоредуктаза — тотығу-тотықсыздану ферменттері.

2. Трансфераза — атомдардың түрліше топтарының тасымалдау реакциясын катализдейтін ферменттер.

3. Гидролаза — заттардың түрліше топтарының гидролизіне қа-тысатын ферменттер.

4. Лиаза — еселенген байланыс түзе және оны бұза отырып, атомдар тобын қосып немесе ажыратып алу реакциясын ка-тализдейтін ферменттер.

5. Изомераза — изомеризация реакциясын катализдейтін ферменттер.

6. Лигаза (синтетаза) — АТР энергиясының есебінен жай заттардан күрделі органикалық заттар түзу реакциясын катализдейтін ферменттер.

Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды.

Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.



Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қанлимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі.

Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық гипоталамус (гр.«һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды.



Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады.

јсер етуші зат - препараттыќ нысандаєы пестицидтіѕ (улы химикаттыѕ) биологиялыќ тўрєыдан белсенді бґлігі;

      биологиялыќ препарат (биопрепарат, биопестицид) - јсер ету бастамасы микроорганизм немесе оныѕ тіршілік јрекетініѕ ґнімі болып табылатын препарат;

      гербицид - ќажетсіз ґсімдіктерді жоюєа арналєан пестицид (улы химикат);

      зиянды организмдер - топыраќќа, ґсімдікке жјне ауыл шаруашылыєы ґніміне кері јсер ететін зиянкестер, арамшґптер жјне ґсімдік аурулары;

      инсектицид - ґсімдіктерді зиянды жјндіктерден ќорєауєа арналєан пестицид (улы химикат);

      пестицидтер (улы химикаттар) айналымы - пестицидтерді (улы химикаттарды) енгізуді (импорт) жјне шыєаруды (экспорт), сондай-аќ онымен байланысты ґлшеп орау, орау, таѕбалау, саќтау жјне тасымалдау процестерін ќоса алєанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) ґткізу (сату немесе жеткізу процестері (кезеѕдері);

      пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды организмдерге жјне аса ќауіпті зиянды организмдерге ќарсы, сондай-аќ ґнімді жинар алдында кептіру, жапыраќтарын тїсіру жјне ґсімдіктердіѕ ґсуін реттеу їшін ќолданылатын химиялыќ, биологиялыќ жјне басќа да заттар;

      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) ќауіптілік сыныбы - адамныѕ ґмірі мен денсаулыєына жјне ќоршаєан ортаныѕ жаєдайына зиянды јсерін тигізетін ќасиеттерін аныќтау їшін пестицидтерді (улы химикаттарды) ќауіптілік тїрлері жјне санаттары бойынша бґлу;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру - тыйым салынєан немесе жарамсыз болып ќалєан пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-аќ олардыѕ ыдыстарын Ќазаќстан Республикасыныѕ заѕнамасына сјйкес кјдеге жаратуєа немесе жоюєа баєытталєан іс-шаралар;

      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) ќалдыќ кґлемі - ґсімдік шаруашылыєы ґнімі мен ќоршаєан орта объектілеріндегі химиялыќ заттардыѕ мґлшерлік кґрсеткіші, оныѕ кґмегімен олардыѕ адам мен жануарлар їшін ќауіпсіздігі баєаланады;

      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) ќауіпсіздігі - ќауіпті факторды іске асыру мїмкіндігі мен оныѕ салдарыныѕ ауыртпалыєы дјрежесініѕ їйлесімділігі ескеріле отырып, азаматтардыѕ ґміріне, денсаулыєына, ќоршаєан ортаєа, оныѕ ішінде ґсімдіктер мен жануарлар јлеміне зиян келтіруіне байланысты пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) жол беруге болмайтын ќатерініѕ болмауы;

      пестицидтіѕ (улы химикаттыѕ) ќауіптілігі - адамєа жјне ќоршаєан ортаєа ќолайсыз јсер ету мїмкіндігі;

      пестицидтер (улы химикаттар) ќауіпсіздігініѕ паспорты - пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) сипаттары жјне оларды ќолдану кезінде ќауіпсіздікті ќамтамасыз ету жґніндегі шаралар туралы деректерді ќамтитын ќўжат;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу - нјтижелері бойынша Ќазаќстан Республикасыныѕ ґсімдіктерді ќорєау туралы заѕнамасына сјйкес жеке жјне заѕды тўлєаларєа Ќазаќстан Республикасыныѕ аумаєында ќолдану ќўќыєына арналєан тіркеу кујлігі берілетін, препараттарды биологиялыќ, токсикологиялыќ, санитарлыќ-эпидемиологиялыќ жјне экологиялыќ баєалау процесін аяќтайтын рјсім;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) ґндіру (формуляциялау) - пестицидтерді (улы химикаттарды) бастапќы компоненттер негізінде дайындаудыѕ технологиялыќ процесі;

      пестицидті (улы химикатты) ќолдану жґніндегі ўсынымдар - халыќтыѕ денсаулыєын жјне ќоршаєан ортаны пестицидтіѕ (улы химикаттыѕ) зиянды јсерінен ќорєауды ќамтамасыз ететін, пестицидті (улы химикатты) ќолдану тјртібі мен ќауіпсіздік талаптары туралы мјліметтерді ќамтитын, ґндірушініѕ (жеткізушініѕ) ќўжаты;

      пайдалану (ќолдану) регламенті - пестицидтерді (улы химикаттарды) ќолдану шарттары мен тјртібіне ќойылатын талаптар;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) сјйкестендіру - пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) елеулі белгілері олардыѕ сипаттарына ўќсастыєын белгілеу;

      пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) тізімі - Ќазаќстан Республикасыныѕ аумаєында ќолдануєа рўќсат етілген, тіркелген пестицидтердіѕ (улы химикаттардыѕ) тізбесі;

      пестицидпен (улы химикатпен) фумигациялау - бу немесе газ тїрінде пестицидті (улы химикатты) зиянкес организм тіршілік ететін ортаєа енгізу;

      пестицидтіѕ (улы химикаттыѕ) шекті рўќсат етілген концентрациясы (бўдан јрі - ШРК) - ўзаќтыєы шектелмеген уаќытта кїн сайын јсер еткен жаєдайда ауру немесе адам денсаулыєы жаєдайыныѕ ауытќуын тудырмайтын пестицидтіѕ (улы химикаттыѕ) јсер етуші затыныѕ кґлем (ауа, су), салмаќ (тамаќ ґнімдері, топыраќ) немесе сыртќы (жўмыскерлердіѕ терісі) бірлігіндегі саны;

      препарат - физикалыќ-химиялыќ ќасиеттеріне, уыттылыєына, пайдаланылу маќсаты мен тјсіліне (эмульсия концентраттары, суспензиялыќ концентраттар, тїйіршектелген, микрокапсуландырылєан препараттар, дымќылданылатын ўнтаќтар жјне таєы басќалар) байланысты пестицидті (улы химикатты) ќолдану нысаны;

      родентицид - зиянды кеміргіштермен кїресуге арналєан пестицид (улы химикат);

      фунгицид - ґсімдіктерді таз ауруларынан ќорєауєа арналєан пестицид (улы химикат).



ВИТАМИНДЕР (латын тілінде — тіршілік) — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың денсаулығын сақтауға, өсіп-өнуіне қажетті, химиялық табиғаты жағынан әр түрлі органикалық қосылыстар тобы.

Суда еритін Витаминдер. Бұған жататындар: Ві витамині (тиамин) — нерв ауруларын, В2 витамині (рибо-флавин) — тотығу процесін жақсартуда, В6 витамині (пиридрксин) — тері ауруларын, Ві2 витамині (цианкобаламин) — анемияны, РР витамині (никотин қышқылы) — пеллагра ауруын емдеуге қолданылады.

М а й д а е р и т і н Витаминдер. Бұған жататындар: Аі және А2 витаминдері (ретинол және дегидроретинол) — көз ауруларын емдеуге пайдаланылады.


2. ДӘРІСТЕР

Дәріс–маңызды сирек және түсіндіру,кеңес,әңгіме сияқты,осындай жаңа материалдарды баяндауда қолданылатын форма.
Дәріс №1

Тақырып: Курстың мәселелері мен міндеттері.

Қоршаған ортаның ластануының индикаторлық әдіспен ластануы

Жоспар.

1. Қоршаған сыртқы орта мәселелері мен міндеттері

2.Қоршаған ортаның ластану түрлері
« Қоршаған сыртқы орта » географиялық ортадан гөрі әлдеқайда кеңірек ұғым – оның көлеміне Жердің сырт бедерімен қатар ішкі байлығы да, Күн системасының адамның іс-әрекетіне қатысты бөлігі де және адамның өзі жасаған материалдық дүние де кіреді. Сыртқы ортаның құрамы үлкен екі бөліктен – табиғи және жасанды орталардан тұрады.

Табиғи тіршілік ортасына табиғаттың тірі және өлі бөліктері – биосфера және геосфера жатады. Ол адамның қатысуынсыз өз бетінше өмір сүріп дамиды.Алайда , эволюцияның барысында адам табиғи тіршілік жағдайларын біртіндеп игере береді: алғашында табиғи байлықтарды ( өсімдіктер мен хайуанаттар т.б.) жай пайдаланумен ғана шектелсе, кейіннен біртіндеп тіршілік құрал – жабдықтарын ( қазба байлықтарды , энергия көздерін т.б.) пайдаланып , оларды практикалық іс-әрекеттер барысында өзгерте бастады.Бұл әрекеттің нәтижесінде адам басқа жан –жануарлардан айрықша қасиетке-еңбек құралдарын өндіру , материалдық және рухани мәдениеттерді жасау , сөйтіп сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту қабілеттеріне ие болды.Өндірістің карқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П.Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2%-ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.

Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.
Приоритеттік ластағыш заттектерді топтастыру мен олардың мөлшерін әртүрлі ортада өлшеу туралы мәліметтер

Прио-ритеттік класы

Ластағыш заттектер

Орта

Өлшеу

Бағдарлама-сының типі



1

2

3

4

I

Күкірт диоксиді және қалқыма бөлшектер Радионуклидтер (5г-90, Сз-197)

Ауа

Тамақ


И, А, Б, Ғ

И, А


ІІ

Озон ДДТ және басқа хлорорганикалык қосылыстар

Ауа Биота, адам

И, Б (страто-сферада) И, А

ІІ

Кадмий жоне оның қосылыстары

Тамақ, адам, су

И

III

Нитраттар, нитриттер Азот оксидтері

Ауыз су, тамақ Ауа

И И

IV

Сынап және оның қосылыстары Қорғасын Көміртек диоксиді

Тамақ, ауа

Ауа, тамақ Ауа



И, А

И Б


V

Көміртек оксиді Мұнай көмірсутектері

Ауа Теңіз суы

И А, Б

1

VI


2 Фторлы қосылыстар

3 Ауыз су

4 И

VII

Асбест Мышьяк

Ауа Ауыз су

И

и

VIII

Микротоксиндср Микробиологиялық ластану Реактивті көмірсутектср

Тамақ

Тамақ


Ауа

И. А

И,А И


И — импактылық, А — аймақтық, Б — базалық, Ғ - ғаламдық.

Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде атқарылады:

• бақылау объектісін белгілеу;

• бақылауға белгіленген объектіні тексеру;

• бақылау объектісіне информациялық модель құрастыру;

• өлшеуді жоспарлау;

• бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін ұқсастыру;

• бақылаудағы объектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау;

• мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыларға тапсыру.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


  1. Жер атмосферасының химиялық құрамы кандай?

  2. Адамның іс-әрекетінің ауа райы мен климатка әсері қан-дай?

  3. Атмосфераға температураның әртүрлі инверсиялары қалай әсер етеді?

  4. Атмосфераны ластаушы негізгі факторлар қандай?


Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

5. Алишева К. Экология. Учебник. А., 2006

6. ҚаженбаевС., С. Махмұтов. Алматы, Табиғатты қорғау. А. 1984

Дәріс №2

Тақырып: Биоиндикациянлық әдістеменің анықталу негізі.

Қоршаған орта ластануының физика-химиялық, биологиялық әдістері


Жоспар.

1. Қоршаған орта ластануының физика-химиялық, биологиялық әдістері

2. Қоршаған ортаның ластану түрлері
Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды. Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық химиялық қаситтеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:физикалық күйіне байланысты- ерімейтін, коллойдты, еритін, табиғатына қарай-минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериялық.

Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады.

Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан, т.б. жолмен пайда болған органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болған заттарға олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз т.б., ал жануарлардынпайда болған заттарға, мысалы мал ткандары, желім заттар, қи және организмнен шығатын басқа да заттар жатады.

Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге- бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары т.б. кіреді.

Әр түрлі мақсатта қолданылған судың 80-85% ластанған ақаба су түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км3 қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км2 таза суды ластандыра алады. Суды ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде, ал гидросферадағы ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд.т/жылына, олардың ішінде ең қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік активті заттар, ауыр металдардың тұздарын, радионуклейдтерді, пестицидтерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогенді атауға болады.

Жоғарыда қарастырылған улы заттектердің ішінен суперэкотоксикантты мұнай мен мұнай өнімдерін жатқызуға болады. Сулы ортада олардың концентрациясы 1 мг/м3ке жеткеннен бастап улылық қасиетін көрсетеді. Мұнай мөлшерінің шамасы 200-300 мг/м3 жеткенде экологиялық тепе теңдік бұзылып, балықтың және судағы басқ да ағзалар түрінің реттегіш механизмі өз мүмкіндігінің ең төменгі шегіне жетеді де, одан әрі қарай олар ортаның кез келген қолайсыз факторларына төзімсіз бола бастайды, яғни экологиялық тұрақтылық жойылады.1 т мұнай суға төгілсе, аумағы 2,6 км2 шамасында судың беткі көлемінде тұтас үлпек түзеді. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші ластаушы түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады.

Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың жалпы массасы 15 млрд тоннаға жетіп отыр.

Сулардың радиоактивті заттармен ластануы үлкен қауіптілік туғызады. Мысалы, тіршілік белгісінен ада болған Маңғыстау жеріндегі Қошқар ата көлі өлі көл деп аталады, оның түбінде радиоактивтілігі бар 104 млн тонна көлеміндегі өндіріс қалдықтары шөгіп жатыр.

Табиғи сулар жылуэнергетика өндірістерінен шығатын жылы ақаба суларымен де ластанады, су объектілеріндегі температуралық режим өзгереді, бұл санитарлық талапқа сәйкессіздіктің орын алуына әкеп соғады. Суаттарда су температурасы көтерілген сайын еріген оттектің мөлшері төмендеп отырады, суды ластайтын қоспалардың улылығы жоғарылайды, биологиялық тепе теңдік бұзылады, организмдердің түрлік құрамы ауысады, мысалы балдырлардың.

Атмосфераның ластануымен салыстырғанда су жүйелерінің ластануы үлкен қауіп төндіреді, оның себебі: ауадын гөрі сулы ортада өздігінен тазалану, яғни регенерация процесі өте баяу жүреді; су қоймаларын ластайтын көздердің қатары да көбейе түседі. Оның мысалы ретінде Қазақстанның кейбір ірі су ресурстары көздерін- Арал мен Балқаш көлдерінің жағдайын келтіруге болады.

Қазіргі кезде экологиялық ауыр апат зардаптарының салдарынан Арал теңізі жағалаудан 100 шақырымның үстінде шегініп кеткені белгілі. Осыған байланысты теңіз табанында көлемі 2 млн га астам Аққұм атты кеңістік пайда болды. Сол маңнан әр жыл сайын 75 млн.т тұзды дауыл көтеріп әкетіп Қостанай, Солт Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстардың жеріне таратуды.

Балқаш көлін тілге тиек етсек, ол республика экономикасы мен экологиясына орасан зор зиян келтіруде.

1-кесте




Алынатын анализ объектісі

Алдын алу шаралары

Анықталатын элементтер

Табылу шегі
Мг\л

1.

Жаңбыр суы

Ион алмастыра отырып

AI,Cd, Cu, Pb, Zn

10 -1

2.

Ағынды су

Құрғақ тұнба қалғанша

Si,Al,Fe,Ca,Mo,Mn,Zn,Sn,Pb,

V, Ba, Sr, Cr



1*10-4

10-5



3.

Табиғи ағынды сулар

Сүзу , булау,

Электрод параметірінде булайды.



,Cd, Cu,Zn, Ni

2*10-4


4.

Теңіз суы

Араласқан экстракция әдісі

Hg, Bi, Cd,Ni, Pb, Ca, Cr, Co, Fe, Zn

1*10-1

5.

Табиғи сулардың әртүлі құрамы

Элементің электролиттік концентрі.

,Ni, Pb, Ca, Cr, Co, Fe, Zn

1,1-2,0 *10-8

6.

Тұма суы (500км)

Сублимациялық, экстракциялау, ион алмасу

AI,Cd, Cu, Cr, Fe, ,Mn,Ni

0,9-1,21 *104

7.

Минералды ауыз су

Микроқоспаларды бөлу , сүзу, тұндыру.

,Mo,Zn,,Pb,Ni

0,01-1,2*10 -4

8

.Ауыз суы(40км)

Сорбция әдісі

Cd, , Pb, Bi,

0,05-0,3*10-4

9.

Ертіс суы

Тұнбаға түсіру

Mn,Zn,Sn,Pb,

V, Ba, Sr, Cr



0,23-2,0*10-2

10.

.Құдықтан

концентрлеу

, Cu, Fe,Pb

0,005-1,0*10


Ақаба сулар ---деп өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылғын, сондай-ақ бір лас аймақ оның ішінде елді мекен арқылы өткен су.

Қазіргі уақытта қоршаған ортадағы ластаушы заттардың МШК көмегімен су сапасын білуге болады.Су үшін 960 химиялық қосылыстардың МШК бекітілген.Ауыз , табиғи, тоқтау, ағынды, ақаба сулар үшін судың стандарты болады. 1. Санитарлы

2. Жалпы санитарлы

3. Органолептикалық

Судың мөлшері стандырт бойынша 0,25мг/л (1категория), 0,75 мг/л (2 категория),ал иіс қарқындылығына байланысты 5 балдық жүйе бойынша бағалайды. Ауыз су үшін 20-60 температурада, 2 балдан аспау керек.Су құбырларындағы ауыз су температурасы да қатаң қадағаланады. (рН=6,5-8,5) . Енді әр типтегі табиғи суларға экологиялық баға берсек , мына диограммада судың ластанған мөлшерін

Тұма суы---31

Сары-ағаш суы-35

Құдық суы(40км)-38

Шетіндегі құдық суы-40

Краннан-45

Ертіс суын (киров аймағы)-79

Ертіс суын (тері зауытты)-93

Ертіс суын ішуге қолдануға болмайды .Суъектілеріне көптеп көңіл бөліп әрқашан тазартулар жүргізіп отыру қажет . Судың ластануларының алдын алу шараларын және әдістерін білу керек.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет