а) трофикалық, б) топикалық в)фористік г)фабрикалық.
Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды.
Топикалық байланыс бір түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды.
Форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).
Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.
Боиценоздың құрылымы
Кез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылымы көпжақта,олар мынандай аспектыларды бөледі.
Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы әртүрлі түрлердің олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі.
Жеке түрлердің ролін анықтау үшін олардың сандық сапасын анықтап, санақ жүргізіп алады:
Түрдің өте көп болуы –бір түрдің белгілі бір аудан көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дм³ суда немесе тоғандардағы саны.
Кездесетін жиілігі биоценоздағы сол түрдің қаншалықт ы біртекті немесе әртүрлі тарлуында.
Доминантталу көрсеткіші – қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.
Биоценоздың кеңістіктік құрылымы оның өсімдіктік бөлімінің – фитоценоз, жерүсті және жерасты өсімдік массаларының қосындысымен анықталады.
Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосылыс тән.
Ярусты дегеніміз –жерүсті өсімдіктерінің бірнеше қабаттағы таралуы (ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы) және басқалар.
Мозаикалыққа - өсімдіктердің горизонтальды бағыттағы таралуы (микротоптардағы,микроценоздар,микрофиценоздар,парцелдар және т.б.).
Биоценоздың экологиялық құрылымы.Биценоздың бірлестіктің экологиялық құрылымын сипаттайтын түрлі типтері ағзаның экологиялық топтарының қатынасы мен анықталады.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады. [5]
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.
Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. Солардың бірқатарына тоқталамыз.
Жамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.
Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді.
Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың негізгі қорегі – маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.
Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді.
Су жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.
Арық пен канал бойындағы өсімдіктерден құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен алмастыру экономикалық жағынан өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні белгілі. Ондай кезде ақ амурлар суда өскен қамыс құрақты азық етіп, масалардың ұрық салатын орнын құртады. Сондықтан да су жүйелерін тазалайтын бұл балықтарды келешекте канал, арық суларында өсіруді қолға алған жөн.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №2
БИОИНДИКАЦИЯНЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІҢ АНЫҚТАЛУ НЕГІЗІ.
ҚОРШАҒАН ОРТА ЛАСТАНУЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.
Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Ағызынды суларды тазарту сызбасы.
Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады. Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді. Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.
6.1 - сурет. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің схемасы:
қажетгі суды алатын орын;
насос станңиясы;
су тазалайтын станция;
таза су қоймасы;
суды қалаға жсткізетін насос;
судың түтьшуигыларіа таралуы
Су тазалау станцияларына қондырғылардың жобасын жасау кезінде көптеген жағдайларда ескеру керек. Қажетті көлемдегі су үздіксіз ағып отырып, барлық тазалау процестері түгел жүріп үлгеруі тиіс. Суға қосылатын реагенттер, судың сапасы және олардың ағу көлемі бір-бірімен тікелей байланыста болады.
Тұндыру, түссіздендіру және залалсыздандыру әдістерін іске асыратын су тазалау станциясының қарапайым сехмасы 6.2- сурсіте көрсетілген. Кейбір жағдайда суды хлорлайды. Ал хлордың артық мөлшерін активтелген көмір түйіршіктерден өткізу арқылы қалыпқа келтіреді.
6.2- сурет. Су тазалайтын станцияның қарапайым схемасы
I- насос станциясы; 2- араластьтрғыш; 3- реагент цехы; 4-коагуляциялау; 5- горизонталъды тұндырғыш; 6- филырлеу; 7- хлорлау; 8- таза су резервуары; 9- таза су насос станциясы
Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіл су (Н2О) мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады. Су табиғатта үш агрегатты күйде: сұйық, қатты, газ. Табиғаттағы барлық биогеохимиялық, биофизикалық процестер судың қатысуымен жүреді десек қателеспейміз.
Су тірі материяның негізі. Қазіргі кезде сулы ортада тіршілік ететін жануарлар саны 150000, өсімдіктер саны 10000. Жануарлардың дене массасының орта есеппен 75 %, кейбір өсімдіктер массасының 89-90% судан тұрады.
Адам ұрығының 97% су, жаңа туған баланың дене массасының 77-80% судан тұрады. Орта есеппен ересек адам денесінің 65-70% су, ұлғайған сайын су мөлшері адам денесінде 60% дейін төмендейді. Ал организмдегі судың көлемі 25 % төмен түссе, адам өміріне қауіп төнеді.
Жоғары сыбағалы жылылық сыйымдылығының, біртіндеп жылу мен салқындау қасиеттерінің арқасында су теңіз бен көлдердің жылдық, тәуліктік және тіпті сағаттық температуларының өзгеруін белгілеп отыратын фактордың бірі. Су бетіне түсетін жылу энергиясының бір бөлігі тойтарылса, екінші бөлігі булану процесіне жұмсалады. Су қоймаларының бетінде өтетін булану төменгі су қабаттарының қатты ысуына кедергі жасаса, беткі қабаттың мұздануы мұз түзілгенде жылудың бөлінуіне байланысты төменгі қабаттардың салқындауын бәсеңдетеді.сонымен жаз айларында судың жылы қабаттары үстінде, ал түбінде салқын қабаттар орналасады. Су қоймаларында температуарның су қабатының орналасуына байланысты таралуын тікелей стратификация деп атайды. Қыста беттік қабаттан төменгі қабаттарға қарай температураның жоғарылауын кері стратификация деп атайды. Температурағы байланысты әр қабатта тығыздық та, қысмы да өзгеріп отырады.
Судың тағы да бір маңызы мынада. Атмосферада негізінде су булы және тамшы түрі мен мұз кристалдары ретінде болады. Ауаның температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын су буының мөлшері де көбейіп отырады. Су күн сәулесінің жер бетіне өтуіне айтарлықтай кедергі жасамағанымен, жерден шығатын жылуды жібермейді, яғни ол планетадағы жылу балансын реттеп отырушы да. Судың жылуға төзімділігі жоғары болғандықтан, жазда гидросфера жылуды жинап қыста оны қайтарып беріп, жердің климатын жұмсартып отырады.
Судың ең негізгі қасиеті ол тіршілік ортасы және барлық организмдердің тіршілігіне қажетті оттектің көзі. Негізінде биосфераның барлық органикалық заттектері фотосинтез процесінің нәтижесінде түзіледі, ал бұл процестің жүруіне күн энергиясы және көмірқышқыл газымен қатар, су міндетті түрде қажет. Мұхит суы өсімдіктермен қатар, көптеген әр түрлі микроорганизмдердің, тірі жәндіктердің өмір сүру ортасы. Барлық мұхит пен теңіз суларының беткі аймағында жайғасқан ағзалар үш топқа: планктон, нектон, бентос деп бөлінеді.
Планктонға өздігінен қозғала алмайтын, тек су ағынымен қозғалыста болатын өсімдіктер (фитопланктон) мен тірі ағзалар (зоопланктон). Екінші топқа су ішінде өздігінен қозғалатын ағзалар (балықтар,кальмарлар т.б.) жатады, оларды нектондар деп атайды. Бентостарға тек қана су түбінде жорғалайтын жәндіктерді (моллюскалар, құрттар және баска омыртқасыздар) және әр түрлі көпклеткалы балдырларды жатқызады. Осы организмдердің көбісі судың өздігінен тазалануына зор үлес қосады.
Су ең жақсы ертікіш, осыған байланысты барлық өнеркәсіптерде, ауыл шаруашылығында , уй жай, т.б. шаруашылықтарда кеңінен қолданылады. Ол айырбасталмайтын, сарқылмайтын (тұщы су сарқылатын) табиғат ресурс.
Біздің планетамыздың барлық халқы бір тәулік ішінде 7000 млрд литр су ішеді екен. Орат есеппен бір адамға шаққанда тәлігіне жұмсалатын судың көлемі 200-400 л, оның ішінде 2-10 л суды таза куйінде немесе тағаммен пайдаланады. Өте көп мөлшерде суды қажет ететін сала ауыл шаруаш. Жалпы жұмсалатын судың 70% құрайды.
Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жұқпалы аурулардың 80% судың қанағаттанарлық емес сапасына не оның жетіспеуіне қарай санитарлық гигиеналық нормалардың бұзылуына байланысты.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №4
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТІРІ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ИНДИКАТОРЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |